Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңіз кен орнында 20-дан астам жұмысшы уланып, ауруханаға түсті

Теңіз кен орнында 20-дан астам жұмысшы уланып, ауруханаға түсті


Теңіз кен орнындағы «Болашақ» вахталық аулында 20-дан аса адам ауруханаға түсті.

Бұл туралы ATPress.kz –ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, 16 қазанда «Монтажарнайықұрылыс»  АҚ-ның 22 жұмысшысы тамақтан уланды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді.
«Алдын ала диагноз – гастроэнтероколит. Клиникасы: жүрек айнуы, құсу, дене қызуы 37-38, әлсіздік. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы жеңіл және орташа. Олардың бәрі «Болашақ» вахталық аулының асханасында тамақтанған», – дейді департаменттегілер.
Департаменттегілер мәлімдеуінше, науқастардың бәрі аудандық орталық ауруханаға жатқызылған. Қазіргі уақытта кеңес беру жүргізіліп, инфекционист-дәрігер тексеруде.
Сонымен қатар қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп, тамақтан уланудың себептері анықталуда.
17 қазан 2018 ж. 872 0