Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘМБЕБАП КОНТЕЙНЕРЛЕР ОРНАТЫЛДЫ

ӘМБЕБАП КОНТЕЙНЕРЛЕР ОРНАТЫЛДЫ

Дамыған елдердің озық отыздығына ұмтылған мемлекетімізде қоқысты сұрыптау жұмыстары қолға алынған. Мұның тиімділігі зор. Өйткені, күнделікті тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қаттысын бөлек, тамақ қалдықтарын бөлек жинағанда оны қайта өңдеуге қолайлы болмақ. Ең бастысы, адам өміріне қауіп әкелетін әйнек сынықтары, химиялық қоспалары бар заттардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмек. Осы орайда, Тереңөзек кенті орталығындағы тазалық орындарына қызғылт сары түсті әмбебап контейнерлер орнатылды.
Әлемдік тәжірибені алып қарасақ, дамыған елдердің көбісі тұрмыстық қалдықтарды табыс көзіне айналдырған. Бұл, бір жағынан, тазалықтың сақталуына септігін тигізсе, екінші жағынан, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, үшіншіден, әлеуметтік жауапты іс. Жалпы, қоқысты қайта өңдеу қоршаған ортаның ластығынан сақтайды, адам денсаулығына кері әсерін тигізбейді. Осыған байланысты орнатылған құрамында сынабы бар шамдар мен химиялық қорек көздеріне арналған әмбебап контейнерлер тынысымыздың тарылмауына септігін тигізбек. Себебі, сынабы бар шамдардан абай болған жөн. Сондай-ақ, химиялық қоспалары бар қоқыстар да қауіпті. Мамандардың айтуына қарағанда, бөлмені жарықтандыруға арналған люминесценттік шамның құрамында 2-5 мг сынап болады екен. Оның булары иіссіз, ал адам оны көп мөлшерде ауамен жұтса, денсаулыққа зиянын тигізеді. Пайдаланылып болған шамдар залалсыздандыруға жіберілуі тиіс. Осы үшін де контейнерлер қойылған.
Тазалық орындарындағы әмбебап контейнерлер туралы Тереңөзек кенті әкімдігінің бас маманы Н.Бәйменовтен сұрадық. Бас маман кент көлемінде мұндай қызғылт сары «жәшіктердің» 35-і орнатылғанын жеткізді.
– Құрамында сынабы бар шамдар мен химиялық қорек көздеріне арналған әмбебап контейнерлерді аудандарға орнатуға «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берген. Жеткізіп, орнатып беруші «НТП КазЭкоТех Астана» ЖШС-і. Қазіргі таңда сынабы бар шамдар қалдығы көп шығатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына 35 дана әмбебап контейнер орнатылды. Мұндағы қоқыс қалдықтарын тендер арқылы арнайы қызмет көрсетуші компания келіп жинайды, – деді бас маман.
Кент көшелерінде тұрған әмбебап контейнерлер құлыптаулы. Ондағы сөрелер шамдардың көлеміне қарай шақталған. Сызықтық люминесцентті шамдарды салуға 1200 және 600 мм-ге дейінгі қақпақтары бар. Одан бөлек, мұнда химиялық қуат көздері үшін батарейкалар, аккумуляторлар, шағын люминесцентті шамдар мен сынапты термометрлер қалдығын қалдыруға болады. Бір ескертетін жәйт, қызық көріп контейнерді ашып көруге болмайды. Өйткені, оның ішіндегі лампалар мен аккумуляторлар бүлінсе, ауаға тарап, көпшілікке қатер төндіреді. Сондықтан тек ұқыптылықпен қарап, тұрмыстық қоқыстарды сұрыптап, өмірімізге қауіп келтіретін қалдықтарды әмбебап контейнерлерге салуымыз қажет.

Е.БЕРКІНБАЕВ
09 қаңтар 2018 ж. 1 878 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 04:14
Cialis 10 Mg Costo cialis no prescription Comprimes Amoxil

Гость JeaOrer от 7 наурыз 2019 09:10
Citalopram Canada Pharmacy Fluoxetine Medicine acquista vardenafil Cheap Online Nolvadex