Қатерлі ісікке шалдыққан “Атырау аруының” еміне жиналған ақшаны әлдекім ұрлап кетті
“Атырау ару-2015” атанған 20 жастағы Гаухар Қасаеваның еміне жиналған ақшаны белгісіз біреулер жымқырып кеткен.
Гаухарға қатерлі ісік диагнозы қойылған. Көпшілік қол ұшын созып, оның еміне ақша жинауда.
“Бастапқыда әр күні картаға түскен ақшаға есеп беріп отырам деп ойладым. Бірінші күні көп адам көмектесті. Бәріне ризамын. Екінші күні менің есепшотымнан бәреулер онлайн сауда жасады. Екі рет. Осыдан кейін онлайн саудаға құлып қойдым. Бірнеше сағаттан соң 100 мың теңгеге тағы да онлайн сауда жасамақ болды”, – деп жазады бойжеткен парақшасында.
Айтуынша, осында келеңсіздіктерден соң ол картасындағы ақша сомасы жайлы жазбайтын болған. Қаражаты жиналған бойда шетелде ем алмақ.
Бұған дейін Гаухарға Қазақстанда екі рет ота жасаған. Енді Оңтүстік Кореяда ота жасату үшін 30 мың доллар қаражат керек.
http://stan.kz/