Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

№ 32 газет

03 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Әйел заты еркектің бет-бейнесі

Әйел заты еркектің бет-бейнесі



Әйел заты еркектің бет-бейнесі

Шапағатын тигізер еткен ісі.
Қосағына жар атанар адал әркез
Бағасын арттырады бек-төресі.


Айласын ақылына сыйдырған сәт.
Жылылық нұр жүзінен төгілді әйбат,
Күйбең тірлік бала мен ердің қамы
Бақытына балаған бейнет қымбат.


Нұқсан келмес кіршіксіз ары таза
Жас келін көркіне сай сыланбаса.
Отбасының шырайы кірмей тұрар
Азаматы сырт көзден қызғанбаса.


Еркек киген жиденің жағасында
Тазалықты мүлтіксіз ұғасың да.
Қас-қабақтан сездіріп ерің отыр
Разылығын риясыз аласың ба?


Етігі жер сүйреткен күйі қандай?
Тек жақсылық атауы жиылғандай.
Асыл бейне бойында қайраткерлік,
Әйел кейпі жарық дүние шырағындай.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
20 қыркүйек 2018 ж. 1 237 0