Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 жалқау жұлдызнама белгісі, ілгерілеу соларға тікелей байланысты

5 жалқау жұлдызнама белгісі, ілгерілеу соларға тікелей байланысты


Олар жеңіл өмірді аңсайды, еңбекті жаны сүймейді, және де бақыт құсы қолына қона қалады деп сеніп, кереуетте күткенді қалайды. Ғажап! Бірақ, кейде солай бола қалады, өйткені жалқаулық өз қалауымен жүргенді ұнатады.

Бес жұлдызнама белгісінің жан дүниесі қалыпты деңгейде болады, өйткені олар «мен міндеттімін!» деген тіркеспен өмір сүрмейді. Қажеттілік туған кезде ғана қимылдай бастайды. Жағдайды ойлағанға уақыты жетерлік және олар бос уақыт жоғалтпайтындардың санатынан.

Жалпы алғанда, жалқаулықты тек жаман қасиет деп қана қарамай, жақсы жағын да табуға әбден болады.

Ал кейбір жұлдызнама белгілері жалқаулықтың бүге-шігесіне дейін зерттеп алғанға ұқсайды.

Шаян

Бұл белгі белгілі бір дәрежедегі өсім болмаған жағдайдағы бір қалыпты жұмысты мүлде ұнатпайды. Егер шаянға жұмыс қызықсыз болса, ол енжар күйде, жұмысты әйтеуір «орындап» жүреді. Бұл белгілер үшін таптырмас жұмыс - үй шаруашылығы. Міне, бұл жерде ол барын салып жұмыс жасайды, үй жалтырап шыға келеді, ал дәмді тамағы бал татиды. Кез келген шығармашылық жұмыс шаяндардың көзінде от ойнатып, құлшынысын жандыра түседі.

Арыстан

Бұл белгі көбіне басшылыққа арналған. Бос жұмыстармен, болмаса үй шаруасымен айналысуға оның аса құлқы жоқ. Ал оларды басқару десе, қуана-қуана келісе кетеді. Арыстан жұмысы бастан асатын адамды көрсетудің хас шебері, әйтсе де бұл - жұмыстан қашудың амалы ғана. Бәлкім, осы қасиетінің арқасында арыстандар көбіне басқару жұмыстарын еншілеп, мансапты жолмен биікке көтеріліп жүрген болар.

Торпақ

Торпақтардың жұмысқа деген зауқы аса күшті емес. Егер аңсары ауса, өзіне пайдалы тұсы көп болса, бұл жобаны құлшына кірісіп істейді. Ал басқалай болған жағдайда, жұмысқа зауқы жоғалады да қалады. Бұл белгі былайша айтқанда бос, пайдасыз нәрсеге өзінің күшін сарп етпейді, терлемейді. Торпақтар үй шаруасын дөңгелетіп әкетеді, бар болғаны олардың қызығушылығы жоғары болу керек.

Суқұйғыш

Кереуетте жатып, ештеңе істемеу - суқұйғыштардың ең жақсы көретін жұмысы. Бұл белгі өз денсаулығын қатты күтіп қалған, сондықтан да артық жұмыс денсаулыққа зиянын тигізеді деп есептейді. Бәлкім, осы қасиеттерінің арқасында суқұйғыштар өмірде энергияға толы және көңіл күйлері әрдайым көтеріңкі жүретін болар. Өйткені олар артық жұмысқа өзін салмай, маңызды істерге ғана назар аударады. Олардың жалқаулығы бұл жерде аз шығындалумен пара-пар.

Балықтар

Балықтардың шығармашыл қабілеті күнделікті шаруаларға мойын бұрғызбасы белгілі. Еңбек күндері балықтарды шаршатып, күйзеліске түсіретіні анық. Бұл белгі кез келген әдіс арқылы жұмыстан қалудың сылтауын іздестіріп тұрады. Өзінің сан алуан фантазияларын іске қосып, тек жұмыс жасамас үшін олар түрлі сылтаулар айтудан да тайынбайды. Тек қана шығармашылығы оянған кезде ғана балықтар тамаша жобалардың авторы бола алады. Бұл жұлдызнама белгілері үшін тыңғылықты кестесі бар жұмыс жарай қоймасы анық: олар еркіндікті сүйеді, кесте олардың еркін ойлауына кедергі келтіреді. Ал жұмыс белгілі бір деңгейде пайда әкелген кездері кесте жайында қалады. Тіпті балықтар үшін басшының да қажеті шамалы, олар көбіне өзімен-өзі жұмыс істегенді ұнатады, сол кезде олардың таланты толықтай ашыла түседі.

Дереккөз: moimozg.ru
28 тамыз 2018 ж. 1 919 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 19:51
Viagra Prix Quebec Buy Vardenafil 10 Mg where to buy cialis online safely Viagra Quanto Costa In Italia

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 21:56
Aurochem Canada cialis from canada Forum Cialis Achat