Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдердің қалауы туралы тәмсіл

Әйелдердің қалауы туралы тәмсіл


Бір қалада ерекше дүкен ашылыпты. Оның ерекшелігі – мұнда әйелдер өздеріне күйеу таңдап, сатып ала алады екен. Дүкенге кіретін есіктің маңдайшасында төмендегідей 4 ереже жазылыпты.

 
1. Дүкенге тек бір-ақ рет кіре аласыз.
2. Дүкеннің 6 қабаты бар. Қабат жоғарылаған сайын ондағы жігіттердің «сапасы» да арта береді.
3. Сіз кез келген қабатта өзіңізге ұнаған еркекті ала аласыз немесе жоғарғы қабатқа өте аласыз.
4. Төменгі қабатқа қайта оралуға тыйым салынады.
 Бір әйел осы дүкенге келіп, өзіне күйеу іздемек болады. Бірінші қабаттың есігіндегі «Қызметі бар еркектер» деген жазуды көрген әйел бірден екінші қабатқа көтеріледі. Ондағы есікте «Қызметі, сүйкімді балалары бар еркектер» деп жазылып тұрады. Ал әйел үшінші қабатқа қарай бет алады. Мұнда есіктің сыртындағы «Қызметі, сүйкімді балалары бар, сымбатты еркектер» деген сөйлемді оқыған әйелдің көзі жайнап, «Керемет!» – деп төртінші қабатқа көтеріліпті. Ол жақта «Қызметі, сүйкімді балалары бар, асқан сымбатты, әрі үйдің тіршілігіне көмектесетін еркектер» деп жазылып тұрады. «Мүмкін емес!» – деп өз көзіне өзі сенбей, тағы жоғарғы қабатқа қарай асығады. Ондағы «Қызметі, сүйкімді балалары бар, асқан сымбатты әрі үйдің тіршілігіне көмектесетін романтик еркектер» деген жазуды көргенде әйелдің сол қабаттағы бөлмеге кіріп, екінші жартысын кездестіргісі келеді. Дегенмен, ол ойын сол жерде қалдырып, әлгі әйел алтыншы қабатқа қалай көтерілгенін де аңғармай қалады. Ал алтыншы қабаттағы есіктің сыртында «Сіз – бұл қабатқа көтерілген №31456012 жансыз. Мұнда еркек жоқ. Бұл қабат – әйелдердің сұранысын ешқашан қанағаттандыру мүмкін емес екенінің бір айғағы. Біздің дүкенімізге келгеніңізге алғысымызды білдіреміз!» деген жазу болыпты. Қызық болғанда, бұл дүкенге кірген әйелдердің барлығы дерлік тек алтыншы қабатқа кіріп, басқа қабаттардың есігіндегі сөздерді ғана оқыған екен.
 Ал жолдың осы дүкенге қарама-қарсы бетінде «Әйелдер дүкені» ашылыпты. Оның бірінші қабатында «Сұлу әйелдер», екіншісінде «Сұлу әрі ерімен ләззат алуды ұнататын әйелдер» деген жазулар болыпты. Ал басқа қабаттардың есіктерінде қандай жазулар болғаны қала тұрғындары үшін құпия болып қалыпты. Өйткені ешкім екінші қабаттан жоғары көтерілмеген екен...
 
 Мұндағы қорытынды, әйел мен еркек – екі түрлі жаратылыс. Әрқайсысының психологиясы мен қажеттіліктері, ойы мен қалауы әртүрлі. Отбасын құрғанда осынау айырмашылықтар жайында ұмытпаған абзал.
 Баяғыда 60 жыл бірге өмір сүрген шал мен кемпірден отбасы бақыты туралы сұрағанда олар:
  —  Біз жаңа дүниелерді жақсы көріп, аялай білетін, ал сынғандарын лақтырмай, ұқыппен жөндеп алатын кезде өмір сүрдік, – деген екен.
 
 Бір-бірлеріңізді жақсы көріп, аялай біліңіздер! Жіберген қателіктеріңіздің орнын толтырып, өз бақтарыңызды өздеріңіз ұқыппен жөндеп алыңыздар!
 
 
 
Аударған: Құралай Мұратқызы
Дереккөз: b17.ru
21 тамыз 2018 ж. 1 614 2

Гость JeaOrer от 25 ақпан 2019 03:37
Erectile Dysfunction Drugs Canada Viagra Vente Suisse buy viagra online Farmacias De Canada Viagra Vente Libre Quebec Levitra Online Pharmacy

Гость JeaOrer от 14 наурыз 2019 01:51
Levitra Bucodispersable 5 Mg propecia no script Dutasteride Best Website Find