КІРПІГІҢІЗДІ КҮТЕ БІЛЕСІЗ БЕ?
Қайқайған, қалың, ұзын, найзадай кірпіктерді қай қыз болса да армандайды. Бүгінгі таңда оған қол жеткізу де қиын емес, жасанды кірпік жалғап беретін әсемдік салондары көп. Бірақ, арнайы той-томалақ пен кештерге жасатпаса, жасанды кірпікпен мәңгі жүре алмайсың. Бәрібір өз кірпігіңнің керемет болғанын қалайсың…
***
Ошаған (репейное) майы. Кірпік күтуде көп аталатын құралдың бірі. Ол кірпіктің өсуін тездетіп, қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кірпіктің түсуін баяулатады.
Таусылған сүрмеңіздің (тушь) флаконын тастамай, ішін жуып, кептіріп, ошаған майын құйып қойыңыз. Күн сайын кешке кірпігіңізге жағып жүріңіз. Майдың көздің шырышты қабығына түсіп кетпеуін қадағалаңыз. Майды жағып, 15 минуттан соң құрғақ мақтамен сүртіп тастаңыз.
***
Майсана (касторовое) майы. Бұл да кірпікке өте тиімді құрал. Ошаған майын қолданғандай, бұл майды да ескірген таусылған сүрме ыдысына құйып қоясыз. Күнде кешкісін жағып жүріңіз.
А дәрумені. Кірпігіңіз ұзын боп, тез өссін десеңіз, А дәрумені жақсы көмектеседі. Майсана майына А дәруменін (дәріханада сатылады) араластырып, күнде ұйықтар алдында кірпігіңізге жағып жүріңіз. 5 минуттай ұстап, мақтамен сүртіп алуды ұмытпаңыз.
***
Массаж. Кірпіктерді арнайы тарақтарымен жиі тарап, кірпік түбіне көбірек массаж жасап тұру да өте пайдалы, кірпіктің өсуін тездетеді. Кірпігіңізді сүрмемен бояғандай астынан жоғары қарай, түбін саусақтың ұшымен оңға, солға уқалаңыз.
***
Вазелин. Қолжетімді әрі тиімді құрал боп табылатын вазелин бір айда нәтижесін көрсетеді. Ол үшін вазелинді күнде жатар алдында кірпігіңізге қалыңдап жағыңыз. Вазелин кірпікте түні бойы тұрып, әбден сіңіуі керек. Осылай аптасына үш реттен бір ай бойы жақсаңыз, кірпігіңіздің қалыңдап, ұзарғанын байқайсыз