Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сымбатты болуға көмектесетін арзан құрал

Сымбатты болуға көмектесетін арзан құрал


Оқырмандарымыз майсана майының көмегі туралы толығырақ ақпарат беруімізді сұраған еді. Сондай-ақ «әжімнен құтылуға көмегі бар ма?» деген сауал қойған болатын. Бұл материалымызда осы сұрақтарға жауап береміз.

✅ 1. Алақаныңызға кішігірім май құйып, шашыңызға жағыңыз. Аптасына бір рет қайталап тұрсаңыз, бір айдан кейін шашыңыздың қалыңдап, жылтырайтынына көз жеткізесіз.

✅ 2. Кесеге айран құйып, ыстық су құйылған тәрелкеге қойыңыз. Айран жылығанда 5 тамшы майсана майын тамызып, қоспа дайындаңыз. Оны басыңызға жағып, полиэтиленді бас киім не пакетпен, оның үстінен сүлгімен ораңыз. 30 минуттан кейін шашты жуу керек. Нәтижесіне шашыңыз қалыңдап, түсуі азаяды.

✅ 3. Қайызғақтан құтылғыңыз келсе, майсана майын қолдану керек. 1 стақан ыстық, қою шайға 1 шай қасық майсана майын қосып, араластырыңыз. Шашты жууға бір сағат қалғанда басыңызға жағыңыз.

Сондай-ақ майсана майы кірпік пен қас өсіруге көмектеседі. Ол үшін аптасына бірнеше рет кірпіктеріңізге майсана майын жағу керек.

Майсана майының бетке қандай пайдасы бар?

✅ 1. Бет массажы.

Ас қасықты оттың үстінен ұстап, қызғанынша күтіңіз. Содан соң майсана майын құйыңыз. Әжімнен құтылу үшін пайдаланылатын бұл қоспаны бетке жағып, массаж жасаңыз.

✅ 2. Бетке арналған маска.

Салқын күндері бұл масканың пайдасы өте зор. Жұмыртқаның саруызы мен 10 тамшы майсана майынан қоспа дайындаңыз. Бетке жұқалау етіп жағып, 25 минуттан кейін жуып тастаңыз. Содан соң көк шаймен бетті шаюға болады. Сонда бетіңіз құрғақтанып кетуінің алдын аласыз. Сондай-ақ салқын ауа райы мен желдің салдарынан болатын беттің қабыршақтануына жол бермейді.
27 ақпан 2018 ж. 2 375 0