Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Telegram-ның жаңа функциясы қолданушылардың құжатын жинайды

Telegram-ның жаңа функциясы қолданушылардың құжатын жинайды

Telegram мессенджері енді ресми түрде қолданушылардың деректерін сақтайтын Telegram Passport қызметін іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Telegram Passport қызмет көрсету паспорт дерегін, шетелге шығу құжатын, жүргізуші куәлігін, банк шотының сұранымдары және тағы да басқа құжаттарды жүгтей алады. Алайда барлық қолданушының ақпараты сенімді шифрлеу әдісі арқылы қорғалған делінген компанияның ресми сайтында.  Telegram Passport көмегімен мессенджер қолданушылары басқа қызмет көрсету орталығында жеке тұлғаны идентификациялау арқылы тіркеле алады.  "Тез арада біз Telegram Passport-та үшінші тараптан тексеріс қызметін қосамыз. Осылайша, кейбір қызмет көрсетулерде сіз жайлы деректерді сұрап та қоймайды. Оның орнына олар Telegram тіркеу жазбасы тексерілгенін және қолданушы шынайы адам екенін біле алады", - делінген хабарламада.  Бұл қосымшаны ойлап тапқандар қолданушылардың ақпаратын олар Telegram Passport арқылы көре алмайтынына кәміл сендіріп отыр.  Еске сала кетейік, Қазақстан үкіметі сот шешімі арқылы мессенджердан "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымы атты топтың тыйым салынған қозғалыс жасауына үкім шығармаса, Telegram жұмысына шектеу қоятын болады.  Осыған дейін, Абаев Telegram мессенджерінің басшылары ҚДТ тобын бұғаттау мәселесін қарастырып жатқанын айтқан еді.
27 шілде 2018 ж. 1 082 0