Қызылордада журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
Қызылорда қаласында қоғамдық диалогты ақпараттық сүйемелдеу және журналистикадағы заманауи тәсілдер мәселелеріне арналған Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті.Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері, этностық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің баспасөз қызметкерлері, журналистер, медиа-сарапшылар, медиаменеджерлер және блогерлер қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар қазіргі журналистиканың өзекті мәселелерін, қоғаммен ашық әрі сындарлы диалог қалыптастырудағы медианың рөлін, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар үдерістерді ақпараттық сүйемелдеудің заманауи тәсілдерін талқылады.
Іс-шарада Журналистер клубының төрағасы, қоғам қайраткері Әлішер Сатвалдиев, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов және «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Әсел Артакшинова сөз сөйледі.
Отырыстың практикалық бөлімі журналистік және ақпараттық жұмыстың заманауи құралдарына арналды. Журналистер клубының төрағасы Әлішер Сатвалдиев қоғамдық-саяси үдерістерді ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша тренинг өткізді. Облыстық Журналистер және сарапшылар клубының төрайымы, PR-менеджер Елена Рыбина «Медиа, PR және қоғам: ашық диалог мәдениеті» тақырыбында сөз сөйледі.
ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі, PR және коммуникациялар саласының маманы Әсел Серікпаева баспасөз қызметтерінің жұмысына қатысты заманауи тәсілдер туралы айтып берді.
Бағдарламаның екінші бөлігінде «Қоғамдық келісім» РММ сарапшылары, Журналистер клубының мүшелері Думан Мұхаметқалиев пен Ақнұр Сәмбет өңірлік баспасөз қызметтерінің ақпараттық жұмысына сараптама жүргізді.
Медиатренер, Halyqline.kz ақпарат агенттігінің журналисі әрі редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ердәулет Калиев «Шешімдер журналистикасы. Өңірлік медиадан қоғамдық маңызы бар материалға дейін» тақырыбын таныстырып, мазмұнды әрі аудитория сұранысына ие контент жасаудың заманауи тәсілдеріне тоқталды.
Сонымен қатар қатысушылар Журналистер клубын одан әрі дамыту, оның тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң ретіндегі рөлін арттыру, сондай-ақ журналистер, баспасөз қызметтері мен медиа-сарапшылар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелерін талқылады.
Кездесу ашық пікірталас және сұрақ-жауап сессиясымен қорытындыланды. Қатысушылар практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, ақпараттық жұмыстың өзекті мәселелерін талқылады және одан әрі кәсіби өзара іс-қимыл бағыттарын айқындады.
Журналистер клубының кеңейтілген отырысы кәсіби диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және қарқынды өзгеріп отырған ақпараттық ортадағы жұмыстың заманауи құралдарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.










