Аудан әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев №155 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңындағы үндеуінде бұл саяси науқанның еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айрықша маңызын атап өтті. Құрылтай сайлауы – елдің болашақ даму бағытын айқындауға ықпал ететін маңызды тарихи кезең. Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға қатысып, өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіруі аса маңызды. Бүгінгі сайлаудың жоғары деңгейде, заң талаптарына сәйкес өтуі – баршамызға ортақ жауапкершілік, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Қазіргі таңда Сырдария ауданындағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіпке сәйкес штаттық режимде жүргізілуде. Сайлаушылардың еркін таңдау жасауына қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген.
Аудан тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктерін танытуда. Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптары сақталып, дауыс беру үдерісінің ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуі қамтамасыз етілуде.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі











