Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі бойынша комиссия отырысы өткізілді

«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі бойынша комиссия отырысы өткізілді

Аудан әкімдігінде «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысын шығару және жеңімпаздарды анықтау мақсатында комиссия отырысы өтті.

Отырыс барысында конкурсқа қатысуға өтінім берген отбасылардың құжаттары жан-жақты қаралып, олардың қоғам өміріне қосқан үлесі, отбасы институтын нығайтудағы еңбегі, бала тәрбиесіндегі өнегелі тәжірибесі, еңбекқорлығы, қоғамдық белсенділігі мен ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеудегі жетістіктері белгіленген талаптар мен бағалау критерийлеріне сәйкес сараланды.

Комиссия мүшелері әрбір отбасының жетістіктеріне объективті баға беріп, ашықтық пен әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, аудандық кезеңнің жеңімпаздарын анықтады. Жеңімпаз атанған отбасылар конкурстың облыстық кезеңінде бақ сынайтын болады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – отбасылық құндылықтарды насихаттауға, өнегелі отбасыларды көпшілікке үлгі етуге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және қоғамдағы отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды жоба.

Аудандық кезеңнің жеңімпаздарын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы облыстық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, толағай табыстарға жетулеріне тілектестігімізді білдіреміз!

15 шілде 2026 ж. 51 0