Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірінші сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр

Еліміздегі барлық мемлекеттік мектептерде, оның ішінде «Келешек мектептерінде» де, 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы (oqu.edu.kz), eGov электрондық үкімет порталы арқылы немесе білім беру ұйымына тікелей барып, қағаз түрінде беруге болады.Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, «Келешек мектептеріне» қабылдау кезінде мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балалар басым құқыққа ие. Сонымен қатар бос орын болған жағдайда ата-аналар (заңды өкілдер) кез келген мемлекеттік білім беру ұйымына өтініш бере алады.Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.
1-сыныпқа қабылдау үшін қажет құжаттар:

• баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;
• профилактикалық егу картасы (№ 065/е нысаны);
• баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/е нысаны);
• психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).

Мектепалды даярлықтан (0-сынып) өткен білім алушылар ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылданады.
Қабылдау мерзімі өңірлер бойынша:

27 мамыр – 31 тамыз:
Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.

10 маусым – 31 тамыз:
Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.

18 маусым – 31 тамыз:
Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.

29 маусым – 31 тамыз:
Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.

Естеріңізге сала кетейік, құжат қабылдау өңірлерде әртүрлі күндері басталғанымен, барлық өңірде 2026 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.

– Құжаттарды алдын ала тапсырып, қабылдау мерзімін өткізіп алмаңыздар, – делінген хабарламада.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
12 шілде 2026 ж. 80 0