Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңақорған ауданында ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – ұлттың жүрегі, конституция - елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

Жаңақорған ауданында ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – ұлттың жүрегі, конституция - елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

Жаңақорған кентінің «Prime Park» орталық саябағында ұйымдастырылған ерекше форматтағы мерекелік шараға тұрғындар мен қонақтар алдымен «Қазағымның дастаны – Домбыра» атты тақырыптық көрмені тамашалап, ұлттық мұрамыздың тарихы мен тағылымын танытатын құнды жәдігерлермен танысты.

Мерекелік кеш «Қос ішектегі – қазақтың ғұмыры» атты театрландырылған прологпен ашылды.

Тағылымды іс-шараға жиналған аудан тұрғындары мен жас буын ұлттық құндылығымыз – домбыраны ұлықтап, күй күмбірін бірге шертіп, ұлттық өнерге деген құрметтерін паш етті.

Іс-шара барысында аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнердің мерейін асқақтатқан концерттік бағдарламасын ұсынып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
05 шілде 2026 ж. 177 0