Көз үшін ең пайдалы жеміс анықталды
Аустралиядағы Сидней университетінің ғалымдары көз үшін ең пайдалы жемісті анықтады. Зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, апельсиннің қабығы мен етінде болатын заттар көз торын жақсы сақтайды. Адамның жасы ұлғайған сайын көз торында теріс өзгерістер көп болады.
Бұл туралы “МедикФорум” басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Ғалымдар цитрусты жемістерді жиі тұтынуға кеңес береді.
“Апельсин немесе басқа да цитрус жемістерін аптасына бір рет жегеннің өзінде, көздің денсаулығы әжептеуір жақсара түседі. Ал күніне кемі бір апельсин жесеңіз, көз торысының өзгеріске ұшырау қаупі бірден 60-ға төмендейді”, – делінген ғалымдардың зерттеуінде.
Авторлар 15 жыл бойы аустралиялықтардың диетасы мен көру қабілетін бақылауға ұстаған. Кейіннен жануарларға тәжірибе жасаған зерттеушілер цитрусты жемістердің олардың көз жанарына оңды әсер еткенін байқаған. Ғалымдар аталған зерттеуді адамдарға да жүргізіп, цитрусты жемістердің расымен де көзге пайдалы екенін дәлелдеді.
Ғалымдар қартайған шақта келеңсіздік болмас үшін бұл жемісті жас кезден бастап көп тұтынуға кеңес берді.