Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңыр қаласында «Халық әуені» жобасы өтті

Байқоңыр қаласында «Халық әуені» жобасы өтті

«Халық әуені» жобасы аясындағы шығармашылық сапардың қорытынды кеші Байқоңыр қаласында өтті.

Кеш барысында көрермендер қазақтың дәстүрлі халық әндерін тыңдап, әлемге танымал хит шығармаларды тамашалады. Сондай-ақ театрландырылған қойылымдар мен әйгілі мюзиклдерден қойылған әсерлі үзінділер кештің көркін аша түсті.

Өнер мен мәдениетті ұштастырған тағылымды шара көрермендерге ерекше әсер қалдырып, ұлттық рухты дәріптеген мазмұнды кешке айналды. Әуезді ән мен сахналық көріністер үйлесім тапқан кеш соңында жиналған жұртшылық көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
26 мамыр 2026 ж. 275 0