Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазгидромет" алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады

"Қазгидромет" алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер республика бойынша 19-21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кезеңнің басында антициклон жотасымен республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жылы әрі ашық ауа райы сақаталады. 

Ал батыс және оңтүстік облыстары бұрынғыдай оңтүстік циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай және екпінді жел соғады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

“Қазгидромет” 19 және 21 мамырда Қызылорда мен Түркістан облыстарында, ал 19-21 мамыр аралығында Жамбыл облысында қатты жаңбыр жауады деген болжам жасады. Температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.

Ауа температурасы батыс пен оңтүстікте +27…+35°C-қа дейін, шығыста +20…+28 °C-қа дейін көтеріледі.
20-21 мамыр күндері солтүстік циклонның әсерінен елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай соғуы мүмкін. Бұл күндері нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауылды жел соғады.

21 мамырда күндіз Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы +10…+18 °C-қа дейін, ал елдің орталығында +15…+23 °C-қа дейін төмендейді.

Фото: magnific.com
18 мамыр 2026 ж. 41 0