Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қариялар құрмет төрінде

Қариялар құрмет төрінде

Жақында «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы атаулы күндер аясында еңбек және тыл ардагерлерінің үйіне барып, мерекемен құттықтады. Атқарушы хатшы Тереңөзек кенті, Асқар Тоқмағанбетов, Шаған ауылында болып, елді мекен әкімдерімен бірге еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Ең алдымен, Ақтөре Ибрагимұлы Асқар Тоқмағанбетов ауылына арнайы барып, тыл ардагері, ауыл шаруашылығы саласының майталманы Оразалы Оразбаевтың шаңы­ра­ғында болды. Ауыл әкімі Нұрлан Құрманалиевпен бірге ақылман ақсақалдың өмір жолына қанықты. Бұдан кейін жетекші партияның атқарушы хатшысы Шаған ауылына табан тіреді. Мұнда Сырдария ауданының Құрметті азаматы Ибагүл Үмбетаеваға мерекесінде зор ілтипат көрсете білді. Шаған ауылының әкімі Қанат Несіпбаев ардақты ананың еңбек жолындағы ғибратты ғұмырын айрықша бағалады. Тереңөзек кен­тінде тұратын еңбек ардагері, соғыс жылдарындағы оқиғалар мен майдангерлер, тылдағы тауқымет туралы көп қалам тербеген Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мүсілім Қалмұратұлы құрмет төрінен көрінді. Аудандық «Тіршілік тынысы» газеті ре­дакциясы бастауыш ар­дагерлер ұйымының төрағасы қарымды қаламгер қатарында.

– Қос мереке аясында тыл және еңбек ардагерлерін құттықтауды өзімізге парыз санадық. «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақ­тайық» деген үлкен жобасы бар. Бұл жобаның басты мақсаты – өздеріңіздей ардақты тұлғаларға, ардагерлік кезеңге абыроймен жеткен абзал жандарға құрмет көрсету. Әрине, елдің рухын аспандатып, жанқиярлық ерлік пен жасампаз елдіктің символы болған бұл қос мереке – ұлтымыз үшін қасиетті де қастерлі. Батыр бабаларымыз Отан қорғау шебінде ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, бізге бейбіт күнді аманат етті. Миллиондаған боздақтар майдан даласында шейіт болса, елге жеңіспен оралған сарбаздар ел еңсесін тіктеу ісіне белсене араласты. Ал, тылдағы тауқымет пен қиындықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ, ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды... Жүректерге жара салып, көңілдерді құлазытқан сұрапыл соғыс ел тарихында өшпестей болып таңбаланып, батыр бабаларымыздың рухы, ерлігі, еңбегі ұрпаққа үлгі һәм ұран болып қала бермек. Партия ардагері, тыл ардагері, ауыл шаруашылығы саласының майталманы, қаламгер ретінде Сіздерге құрметіміз ерекше. Баталарыңызды алып, құрмет көрсетуге келдім. Лайым, жүз жасап, ұрпақтарыңызбен мың жасаңыздар, біздің, ұрпақтарыңыздың арқасүйер тірегі болып аман-есен төрімізде отыра беріңіздер, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Ардақты ардагерлер құрмет пен ілтипатқа шынайы ризашылығын біл­діріп, өткен күндерді ой елегінен өткізіп, соғыс жылдарындағы тылдағы қиын кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісті. Адал ниетімен ақ баталарын беріп, тілектестіктерін білдірді.

Бибісара ЖАНӘЛІ
13 мамыр 2026 ж. 56 0