Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Жайдарманшылар Астанада топ жарды

Жайдарманшылар Астанада топ жарды

Жақында елорда төрінен ақжолтай жаңалық келіп жетті. Астана қаласында өткен республикалық арнайы «Jaidarman Junior» жобасында Сырдария ауданының намысын қорғаған «Тереңөзек» құрамасы топ жарды. Яғни аудан мақтаныштары жүлделі І орынды жеңіп алып, мерейі таси түсті.

Өз кезегінде жастар ре­­сурс­тық орталығының ди­­рек­торы Нұржан Сейтжан же­текшілік ететін «Те­реңөзек» құрамасы 8 ко­манда арасынан үз­дік шықты. Жас та­лант­тардың қа­­­тарында Дамир Баржақсы, Нұрай Жақсылық, Аза­мат Хайрулла, Ер­кебұлан Аябек, музыкамен әр­леуші Ералы Ақтан бар. Бұл рет­те Астана қаласында жай­дарманшылардың өнер көр­сетуіне аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қолдауы ерекше.

– Жас жайдарманшылар байқау барысында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұл жеңіс – аудан жастарының шығармашылық әлеуеті мен жүйелі дайындықтың нә­тижесі. Жас таланттарға қолдау білдіріп, олардың рес­­публикалық дең­гейде өнер көрсетуіне мүмкіндік жа­­саған аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлына ерекше ал­­ғыс білдіреміз. Жастардың жетістігі – аудан ме­рейі мен ел болашағына деген сенімнің айқын көрінісі. Бұ­ған дейін «Тереңөзек» құрамасы бірнеше мәрте рес­публикалық турнирлерде топ жарып жүргені белгілі. Осы жолы «Jaidarman Junior» жобасына айрықша да­йындықпен барған жас­тар өзге өңірлерден келген жайдарманшылардан же­ңісті жұлып алды десек, қа­телеспейміз. Бұл ретте зор қолдау көрсете білген аудан басшысына шынайы ал­ғысымды білдіремін, – деді Нұржан Сейтжан.

Расында, аудандық мә­дениет үйінің сахнасында қаншама рет өнер көр­сетіп, шыңдала түскен жер­лестеріміз Астана қа­ласында ерекше ойын өр­негімен танылды. Әрине, әрбір жетістіктің артында күнделікті дайындық пен ұтқыр әзілге негізделген мазмұн тұрады.

– «Jaidarman Junior» жобасына қатысу – біз үшін үлкен мақтаныш әрі жауапкершілігі мол ке­зең болды. Сырдария ауданының намысын қор­ғау бізге ерекше жігер беріп, ойынға барынша тың­ғылықты дайындалуға себеп болды. Сахнаға шыққан әр сәтте тек өзімізді емес, ау­данымыздың абыройын ойлап, көрерменнің көңілінен шығуға тырыстық. Бұл жоба бізге көп нәрсе үйретті. Ең алдымен, командалық рух­тың қаншалықты ма­ңызды екенін түсіндік. Әрқайсымыздың ойымыз бен әзілдерімізді біріктіріп, ортақ нәтижеге жұмыс іс­теу – үлкен тәжірибе екені көрінді. Сахна мә­дениеті, импровизация, кө­рерменмен байланыс орнату сияқты дағдыларымыз айтарлықтай дамыды. Біз үшін «Jaidarman Junior» тек ойын ғана емес, үлкен өмір­лік мектеп болды десек, артық емес. Жаңа достар таптық, тәжірибе жинадық, өзімізді әр қырынан сынап көрдік. Осындай мүм­кіндік берген жоба ұйымдастырушыларына және бізді қолдаған жан­күйерлерге ал­ғысымыз шек­­сіз. Алдағы уақытта да «Тереңөзек» құ­рамасы тоқ­тап қалмай, өз өнерін одан әрі дамытып, жа­ңа бе­лестерді ба­ғындыруға ты­рысады. Біз әлі талай жарқын ойындар көрсетіп, кө­рерменді қуанта бе­реміз деп сенеміз, – деді ойыншы Нұрай Жақсылық.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
13 мамыр 2026 ж. 52 0