Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Атқарылған істен аймақтың даму динамикасы байқалады

Атқарылған істен аймақтың даму динамикасы байқалады

Құрметті Олжас Абайұлы!
Қадірлі қауым!

Өңірдің өркендеуі — жүйелі жұмыстың, нақты жоспар мен жауап­кершіліктің нәтижесі. Осы тұр­ғыдан алғанда, соңғы төрт жылда Мемлекет басшысының, Үкіметтің қол­дауымен Қызылорда облысында ауқымды істер атқарылғаны, ай­мақтың даму динамикасынан айқын байқалады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірлердің дамуына, халықтың тұрмысын жақсартуға барлық мүмкіндіктерді жасап келеді. Сыр жұртшылығы осы қолдаулары үшін Президентімізге ерекше риза­шылығымыз бен алғысымызды біл­діреміз және Өзі сенім артқан, облыс әкімі қызметіне жаңа тағайындалған Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевтың кан­ди­датурасын қолдаймыз. Ал­­дағы уа­­қытта елдің ертеңіне бағытталған бар­лық бастамаларды бірлесе жү­зеге асыруға сенім білдіреміз.

Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің назарын өзіне аудартқан, барлық саласында тұрақты даму серпіні қалыптасқан елге айналды.


Елімізде жүргізіліп жатқан тиім­ді бағдарламалар мен Мемлекет бас­шы­сының ұтымды страте­гия­лық жобаларының игілігін ел кө­руде. Барша қызылордалықтар Президентіміздің Әділетті, Қуатты, Та­за Қазақстанды құру жолындағы бар­лық бастамаларын қолдайды.

Расында, әділеттілік пен заң мен тәртіп үстем құрған қоғамда тұрақты даму, болашаққа деген сенім нық болары сөзсіз.

Осындай маңызды бағыттардың бірі, Президентіміздің жүргізіп отыр­ған тиімді инвестициялық сая­сатының арқасында Сыр өңірінде де ірі инвесторларды тарту арқылы ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.
2021 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі бүгінде 250 пайызға артты. Өткен жылдың өзінде 27 инвестициялық жоба іске асты.


Озық технологиялармен толық автоматтандырылған – «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің кірпіш зауыты, нан, кондитерлік өнімдер шы­ғаратын «Қызылорда нан» зауыты іске қосылды.

Президентіміздің қол­дауымен өңір­­­дегі ең ірі жоба, Қы­зылорда қаласында түрік инвесторымен «Aksa Energy» жаңа жылу-электр ор­талығы пайдалануға берілді.

Испандық «Рокка групп» компаниясымен санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын жоғары техно­ло­гиялық зауыттың құрылысы жақын күндері басталады.


Оңтүстік Корея технологиясы бойынша тұрмыстық қатты қал­дықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының құрылысы басталды.
Жақында ғана «Харвест Агро» компаниясының агроиндустриалды кластерін құру жобасының бірінші кезеңі іске қосылды.


Президентіміздің қолдауымен об­­лыстың егін шаруашылығын әр­та­рап­­тандыруға, су ресурстарын үнем­деу технологиясын кеңінен енгізуге алдағы үш жылға 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Құрметті жиналған қауым!

Жалпы алғанда, бұл кезең нақты нәтижелермен ерекшеленетін, өңір­дің дамуына серпін берген уақыт болды.

Осы атқарылған жұмыстардың заңды жалғасы ретінде Нұрлыбек Маш­бек­ұлының жаңа жоғары қыз­метке тағайындалуы – оның еңбегіне берілген әділ баға және үлкен сенімнің көрінісі деп санаймыз.

Алдағы қызметіңізде жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, ел игілігі жолында табысты еңбек ете беруіңізге тілектеспіз!
Сыр жұртшылығы атынан туған жерді түлетуге жасаған барлық қа­жыр­лы еңбегіңізге алғыс білдіреміз!

Абзал ЕРАЛИЕВ,
Қазақстанның Еңбек Ері
09 мамыр 2026 ж. 49 0