Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Елдің ертеңі ел басқарған ердің еңбегімен өлшенеді

Елдің ертеңі ел басқарған ердің еңбегімен өлшенеді

Құрметті Олжас Абайұлы!
Құрметті активке қатысушылар!

Халқымызда «Елдің ертеңі ел басқарған ердің еңбегімен өлшенеді» деген сөз бар. Шын мәнінде, ел тізгінін ұстаған азаматтың әрбір ісі – халықтың болашағына тікелей әсер ететін жауапты қадам.

Бүгін біздің өңір тарихында қала­тын тағы бір маңызды күн. Мемлекет басшысының Сыр еліне деген ерекше ықыласы мен қолдауын әр кез сезініп келеміз. Сол себепті бүгін аймақ басшылығына Президентіміздің өзі сенім білдірген, осы елдің тыныс-тіршілігімен жақсы таныс азамат Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевтың кандидатурасын толық қолдаймыз.

Жалпы, қызылордалықтар ел­дің дамуына, өркендеп-өсуіне ба­ғыт­талған барлық мемлекеттік бағ­дарламалар мен бастамаларды қолдап, елдік іске жұмылуда көш басынан табылып келеді.

Бір ғана мысал, Қасым-Жомарт Кемел­ұлының тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақ­стан» бағдарламасы біздің өңі­рімізде жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Тіпті бүгінде басқа өңірлерге үл­гі болып жүргенімізді естігенде, ерекше мақтаныш сезіммен қа­былдаймыз.

«Таза Қазақстан» – бұл жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама.
Кейінгі жылдары Сыр өңірінде Мемлекет басшысының және Үкі­меттің тікелей қолдауымен ауқымды өз­герістер, ірі жобалар жүзеге асты. Осы жылдар ішінде облыста нақты нәтижеге бағытталған кешенді жұ­мыстар атқарылды.

Инфрақұрылым саласында ірі жо­балар жүзеге асып, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар жасалды.
Қызылордалықтардың арманына айналған облыс орталығындағы көп­қабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қам­тамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты.

Барлық елді мекендер толық 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Төрт жыл бұрын газдандыру деңгейі 67 пайыз болса, бүгінде 83 пайызға жетті.

Жақсы жағдайдағы жол­дардың үле­сі 95 пайыз болды. «Қызылорда- Жез­­қазған» автомобиль жолының облыс аумағына қарасты бөлігі қайта жаңғыртылды.

Президентіміздің тапсырмасымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халық­аралық автодәлізінің «Қызылорда – Ақтөбе» бағытындағы жолын төрт жолақты етіп кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды.

«Бейнеу – Сексеуіл» бағыты бо­йынша жолдың құрылыс жұмыстары да жақын күндері басталады.

Облысымызда тұрғындарымызды баспанамен қамтамасыз етуге бағыт­талған мемлекеттік әлеуметтік саясат нәтижелі іске асуда.
Соңғы төрт жылда қаржы­лан­дырудың барлық көзінен 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

Теміржол вокзалдары күрделі жөн­деулерден өтті, жаңа автовокзал салынды. Мемлекет басшысының қолдауымен «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы жеке инвестордың демеушілігімен салынып, ел игілігіне табысталды.

Қорыта айтқанда, Нұрлыбек Маш­бекұлының Қызылорда облысын бас­қарған кезеңі Президентіміз бен Үкі­меттің тапсырмаларының нәтижелі орындалуының арқасында өңір дам­уына үлкен серпін берген, нақты сапамен айқындалған жемісті әрі серпіліс уақыты болды.

Құрметті
Нұрлыбек Машбекұлы!
Мемлекет басшысының ендігі кезекте Сізге жүктеп отырған жаңа қызметі – аса зор жауапкершілік пен биік сенімнің айғағы.
Осы орайда, алдағы жұмысы­ңызда ел игілігі жолындағы баста­маларыңызға сәт­тілік, мемлекет дамуына қосатын үле­сіңіз еселеніп арта беруіне тілек­тестік білдіреміз.

Жаңа қызметіңізге толағай табыс, мықты денсаулық және баянды же­тістіктер тілейміз!
Облыс әкімінің қызметіне кіріскелі отырған Мұрат Нәлқожаұлына сәттілік тілейміз!

Ибрагим ӘБИБУЛЛАЕВ,
еңбек ардагері
09 мамыр 2026 ж. 59 0