Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Аймақ активіне жаңа әкім таныстырылды

Аймақ активіне жаңа әкім таныстырылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Қызылорда облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты.

Жиында Мемлекет бас­шысының Қызылорда облы­сының әкімі лауазымына екі кандидатты: Ардақ Зебешев және Мұрат Ергешбаевты ұсыну туралы хаты оқылды. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 81% депутат Мұрат Ергешбаевтың кандидатурасын қолдады. 19% депутат Ардақ Зебешевке дауыс берді. ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Қызылорда об­лысының әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалды.

Олжас Бектенов облыс активімен кездесуде Мемлекет басшысының аты­нан Нұрлыбек Нәлібаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дам­уына және азаматтардың өмір сү­ру сапасын жақсартуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Жал­пы өңірлік өнім көлемі 4 жылда 2 есеге артып, 3,7 трлн теңгеге жет­ті. Инвестиция тарту, әлеуметтік ма­ңызды инфрақұрылымды салу және жаңғырту, абаттандыру және басқа да салалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Премьер-министр облыс ак­тивіне өңір­дің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты та­ныстырып, Президенттің Қы­зылорда облысы басшылығының ал­­­дына бірқатар басым мін­дет қойғанын атап өтті. Бұл – бірінші кезекте Мемлекет басшысының бас­та­масымен елімізді әрі қарай жаң­­ғыртуға бағытталған, ха­лықтың әл-ауқатын жақсарту, эко­номика са­­лаларын әртараптандыру және ци­фрландыру, инвес­тиция тарту, әлеу­меттік инфра­құрылымды дамыту сынды өзге де басым бағыттарға бағдарланған конституциялық ре­форманы жүзеге асыру.

– Президенттің бастамасымен елімізде маңызды саяси, әлеу­мет­тік-экономикалық рефор­малар жүргізілуде. «Әділетті Қа­зақстан» тұжырымдамасының нәтижелі жүзеге асырылуы осы отырған бәрімізге байланысты екенін айтқым келеді. Мемлекет басшысы Қызылорда облысының дамуын үнемі назарда ұстап келеді. Мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық құрылым мен қоғам бірлесіп жұмыс істеуі қажет, – деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.

Өңір басшылығы аза­­мат­тар­­дың өмір сүру сапасын жақ­сар­туға тікелей әсер ететін ма­ңызды жобалардың тұрақты жұ­мысын қамтамасыз етуі керек. Президенттің бастамасымен Қы­зылорда қаласында қуаты 240 МВт болатын жаңа газ ЖЭО-сы салынып, пайдалануға берілді, ол халықтың электр және жылу энергиясына деген сұранысын толығымен жабуға мүмкіндік береді. Ірі энергетикалық жобаға 215 млрд теңге көлемінде инвес­тиция салынды.

Сонымен қатар Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілді, оған республикалық бюджеттен 26 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. АӨК саласында ауыл шаруашылығы дақылдары көлемін оңтайландыру және су үнемдеу технологияларын енгізу міндеттерінің маңыздылығы атап өтілді.

Кәсіпкерлік белсенділікті қол­дау арқылы шағын және орта биз­несті (ШОБ) дамытуға және олардың өңір экономикасындағы үлесін одан әрі арттыруға назар аударылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көр­сеткіш 24,7%-ды құрады. Сон­дай-ақ талдау және бюджет қа­ра­жатын тиімді жұмсау бо­йынша тәжірибені жалғастыру қажет. Қызылорда облысында кейінгі 4 жылда әлеуметтік салада 100 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұм­салуына тосқауыл қойылды. Үнемделген қаржы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және жаңа инфрақұрылымдық жо­­баларды жүзеге асы­руға ба­ғытталды.

Айта кетейік, актив оты­рысында Ибрагим Әбибуллаев пен Мұрат Бақтиярұлы сынды қо­­­ғам қайрат­кер­лері және Абзал Ералиевтей Еңбек ері сөз сөй­леді. Ел ағаларының сөзін газетке арнайы беріп отырмыз.

«Тт» ақпарат



09 мамыр 2026 ж. 84 0