Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

54 газет

16 шілде 2019 ж.

53 газет

13 шілде 2019 ж.

№52 газет

10 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Облыс әкімі тағайындалды

Облыс әкімі тағайындалды

Кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қызылорда облысы мәслихатының кезектен тыс отырысына қатысты, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қуанышбек Ысқақовты өңір әкімі лауазымына тағайындау туралы ұсыныс жазылған хатты оқып берді.
Мәслихат депутаттары ҚР Президенті ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.
Қызылорда облысының активімен кездесуде ҚР Үкіметінің басшысы Қырымбек Көшербаевқа өңірді дамыту бойынша атқарған елеулі жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа лауазымы – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінде сәттілік тіледі.
«Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысын 6 жыл бойы басқарды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлесін қосты. Осы уақыт ішінде ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалар іске асырылды. Әлеуметтік саланы дамыту бойынша тиімді шаралар қабылданды», – деді А. Мамин.
Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстыра отырып, Асқар Мамин Қуанышбек Ысқақовтың өңірлік және орталық деңгейдегі елеулі жұмыс тәжірибесін атап өтті: 2015 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, ұзақ жылдар бойы ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қызылорда облысының алдында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың тұрмыс сапасын арттыру және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолда бар әлеуетті іске асыру арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша міндеттер тұрғанын атап өтті. Жаңа әкімге өңір активімен және мәслихат депутаттарымен бірлесіп, алдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру тапсырылды.
29 маусым 2019 ж. 85 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам