Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Орман және даланы өрттен қорғайық!

Орман және даланы өрттен қорғайық!

Жаз айларында қатты ыстықтан шөп қурап, өртену қаупі туатыны белгілі. Далалы алқаптардың, шабындық жерлердің және жайылымдық жерлердің өртке орануына адамдар да себепші болып жатады.

Орман, дала өрті – абайсыз жағылған от. Ол көбінесе құр­ғақшылық мезгілде, ерте көктем­де және күзде болады. Адамдардың далалық жерде демалып, ашық отты пайдаланудағы аңғалдықтарынан тө­тенше жағдай орын алуы мүмкін. Орман және дала өртінің ең көп себептері:
– Ауыл шаруашылық қалдық­тарын өртеген кезде қауіпсіздік талап­­тарының бұзылуынан;

– сөндірілмеген шылым немесе сіріңке;

– күннің көзі түсетін жерге тасталған шыны сынығынан түскен күн сәулесінен жануы.

Қызылорда облысындағы құрғақ және желді климат, шөптесін өсім­діктердің көп болуы, дала өрті­нің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады. Ауқымды емес дала өртін сөндіру үшін қажетті іс-шаралар желдің бағытын және өрттің таралу жылдамдығын анықтау, тұр­ғындарға ескерту, көмекке шақыру үшін жақын жердегі ауылға хабаршы жіберу, отты топырақпен көміп үстіне су құю, кішігірім отты таптау, өрт сөнгеннен кейін кетуге асықпай, қайта тұтанбайтынына көз жеткізу.

Егер өрт аумағында болсаңыз өзіңіздің күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын, және шығу бағдарын анықтап құтқару қызметіне 101, 112 нөмері арқылы хабарлаңыз!

Сіздерден табиғатта осы қара­пайым өрт қауіпсіздігі ереже­лерін сақтауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана дала және орман алқаптарын өрттен сақтап қаламыз.

Сырдария ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: ашық дереккөз

25 сәуір 2026 ж. 124 0