Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке қабылдау өтті

Жеке қабылдау өтті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов қатысты.

Аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдарымен өтініштерін тыңдап, тиісті түсіндірмелер берді.

Қабылдау барысында азаматтар жұмыспен қамту, жол инфрақұрылымын дамыту, атап айтқанда елді мекен көшелерін асфальттау, сондай-ақ әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы бірқатар мәселелер бойынша жүгінді.

Тұрғындардың мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына қолданыстағы заңнаманың шеңберінде мәселелерді шешуге жұмыс жасауды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 сәуір 2026 ж. 50 0