Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан «Керуен сарай» кешеніне барды

Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан «Керуен сарай» кешеніне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан «Керуен сарай» кешеніне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының назарына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын паш ететін арнайы бағдарлама ұсынылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары, тігін мен зергерлік өнер үлгілері, тері бұйымдары, сондай-ақ сан алуан дәстүріміз бен рухани қазынамызды бейнелеген суретшілердің туындылары көрсетілді.

Бұдан бөлек, Президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады. Іс-шара барысында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды.

21 наурыз 2026 ж. 28 0