Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституция жобасы аудан ардагерлерімен талқыланды

Жаңа Конституция жобасы аудан ардагерлерімен талқыланды

«Руханият» орталығында жаңа Конституциясы жобасына арналған кезекті басқосу болып өтті. Аудандық коалиция өкілдері ардагерлермен жүздесіп, Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің мәні мен қоғамға тигізер әсерін талқылады.

Кездесуге аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек, коалиция мүшелері Серқожа Ыдырысов, Өмірсерік Тақырбасов, Серік Мұсабаев, Аллаберген Ахметов қатысты.

Жиын ресми баяндамадан гөрі, өмірлік тәжірибе мен шынайы пікірлерге құрылған ашық әңгіме алаңына айналды.

Кездесу барысында адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті күшейту, азаматтық қоғамның рөлін арттыру секілді маңызды тақырыптары сөз болды. Ардагерлер өз тәжірибесімен бөлісіп, ойларын ортаға салды, жаңа Конституцияның қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін айтты.
11 наурыз 2026 ж. 67 0