Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Еліміздің жаңа бағдары айқындалуда

Еліміздің жаңа бағдары айқындалуда

Бүгінде еліміздің жаңа бағдары айқындалуда. Жаңа Конституция жобасымен танысып шықтым. Шын мәнінде, адам құқықтарының маңызы артқан сайын, оның қоғамдағы рөлі де айқындала түседі. Әрине, Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістердің басым бөлігі халыққа оң ықпал ететіні сөзсіз.

Ата Заңға жасалған бағдарлы шешімдер – елдің саяси және құқықтық дамуы үшін тарихи маңызы бар құжат. Расында, ұсынылған жоба мемлекетті басқару жүйесін жаңа кезеңге бастайтынына сенім мол.

Қазақстанның тұрақты дамуының негізі саналатын жаңа Конституция – құқықтық негіз ғана емес, еліміздің дамуына оң серпін беретін маңызды тетік. Цифрлық құқық қорғау мен инновациялық сала­дағы заңнамалық кепілдіктер – жаңғырудың бас­ты бағыттарының бірі. Заң бар жерде тәртіп бар. «Тәртіпке бас иген құл болмайды».

Соңғы бірнеше күнде еліміздің саяси құры­лымына өзгеріс енгізуге қатысты халықтан мың­даған ұсыныс келіп түскен. Реформаның сәтті жү­зеге асуы – ел болашағының кепілі. Біз қашанда жаңа­шылдыққа иек артамыз. Әлем елдері қазіргі уақытта қарқынды дамып, саяси жүйесін нығайтуға ұмтылуда. Бұл ретте реформалық бастаманың әр­қайсысы еліміздің егемендігін одан әрі күшейте түседі.

Абай ӘЛІМБАЕВ,
Сырдария
ауданының прокуроры
03 ақпан 2026 ж. 69 0