Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

№ 5 газет

21 қаңтар 2026 ж.

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жол құрылысы ел экономикасына серпін береді

Жол құрылысы ел экономикасына серпін береді

Сыр елінің бас шаһарында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бірқатар бастама туралы айтты. Соның бірі – автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаң­ғырту. Президент бұл ретте авто­көлік жолдарын халықаралық талаптарға сай жаңғырту – ел үшін стратегиялық маңызға ие екенін жеткізді.

Қызылорда облысының соңғы уақытта дамып, өсіп-өркендегенін тілге тиек еткен Мемлекет басшысы үш жылдың өзінде облысқа 2 триллион теңге көлемінде инвестиция тартылды деді. Өткен жылдың өзінде 27 инвестициялық жоба іске асты. Ең ірі жобаның қатарында жаңа жылу-электр орталығының қосылғанын атады. Шын мәнінде, маңызды нысан құрылысы инвестордың арқасында жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындардың 20 пайызы ғана «көгілдір отынмен» қамтылмаған. Қалған 80 пайызы – табиғи газдың тұтынушылары. Алдағы уақытта қалған елді мекендерге газ тарту жұмысы жүргізіле бермек. Президент ерекше тоқталған жағдай – автокөлік жолының сапасы. Жағдайы жақсы жол құрылысы одан әрі талапқа сай жүргізілетін болады.

– Елдегі автокөлік жолдарын халық­аралық стандарттарға сай жаңғырту – айрықша маңызды міндет. Бұл біріншіден, Қазақстанның батыс пен шығыс ара­сындағы транзит дәлізі ретіндегі рөлін арттыра түседі. Екіншіден, облыстар ара­сындағы көлік байланысын барынша жақ­сартады.
Жақында «Қызылорда-Жезқазған» жо­­­лы­­ның Қызылордаға тиесілі бөлігі салынып бітті. Жыл соңына дейін Ұлытау облысындағы бөлігінде көлік қозғалысы толық ашылады. Жолдың жалпы ұзындығы – шамамен 400 шақырым.

Ең бастысы биыл елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар басталады. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» – Қазақстандағы ең негізгі жолдың бірі. Алайда оның Қызылорда – Ақтөбе арасындағы бөлігі тар, көлік апаттары жиі болып жатады. Мен осыған дейін бұл жолды кеңейту туралы тапсырма бердім. Биыл осы бағытта 4 жолақты жаңа күрежолдың құрылысы басталады, – деді Президент.

Ауқымды жобаның іске асуы – облыс жұртшылығы үшін қуанышты жағдай. Ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі десек, көлік саласы дамиды. Сонымен қатар аймақтағы өзге де құрылыс алаңдарының қарқынды салынуы ел экономикасын одан әрі арттыра түспек.
– Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың жұмысына арнайы тоқталып, өңірде ат­қа­рылып жатқан ауқымды істерді оң ба­ғалады.

Кейінгі жылдары Сыр өңірінде әлеу­меттік инфрақұрылымды жаң­ғырту, жол, тұрғын үй, білім және денсаулық сақтау салаларын дамыту бағытында жүйелі жұ­мыс жүргізілуде. Жаңа мектептер мен бала­бақшалар салынып, ауыл-аймақтардың кел­­­беті жақсарып келеді. Инвестиция тар­ту көлемі артып, өндіріс орындары іске қо­сылуда. Бұл – облыс басшылығының ел мүд­десіне бағытталған табанды еңбегінің нәтижесі. Мемлекет басшысының жоғары бағасы Сыр жұртшылығына жаңа серпін беріп, алдағы мақсаттарды еселей орын­дауға жігерлендіреді. Қызылорда – бірлігі бекем, болашағы жарқын өңір. Алдағы уақытта да туған өлкеміздің дамуы жо­лында бірлесе еңбек ете береміз, – дейді облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов.

Мемлекет басшысы атап өткен жоба­лардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын тікелей бақылауда ұстайтынын айтты. Бұл бастамалар облыстың ғана емес, Қазақстанның халықаралық көлік логистикасын, әлеуетін нығайтады. Жол инфра­құрылымын жаңарту арқылы елдің транзиттік рөлін күшейтумен қатар, облыс­тар арасындағы көлік қатынасын жаңа дең­гейге көтереді.

Президенттің құрылтайда елдегі авто­көлік жолдарын халықаралық стан­дарт­тарға сай жаңарту туралы айтқан пікірі – аса өзекті әрі маңызды бастама. Өйткені жол­дың сапасы – көлік қозғалысының қауіп­сіздігіне, адамдардың уақытын үнемдеуге және көлік құралдарының тозуын азайтуға тікелей әсер етеді. Тозығы жеткен жолдар жол-көлік оқиғасының көбеюіне әкеледі. Ха­лықара­лық стандарттарға сай салынған жол­дар ұзақ мерзімге қызмет етіп, жөндеу жұмыстарына кететін қаржыны азайтады. Сондай-ақ мұндай жолдар логистика мен транзиттік әлеуетті арттырып, ел эко­номикасының дамуына серпін береді.

Сонымен қатар жоғарыда айтыл­ған­дай өңірлер арасындағы байла­ныстың жақ­саруы көптеген саланы – кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасы­мал­дауға және туризм саласының дамуына мүм­кіндік береді.


Бибісара ЖАНӘЛІ

24 қаңтар 2026 ж. 40 0