Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ақыл айтудан аулақпыз, десек те...

Ақыл айтудан аулақпыз, десек те...

Адам өмірге келген сәттен өзіне жүктелген жауапкершілік жүгін айқын сезіне білгені жөн. Есейген шақта өзін мәпелеп өсірген ата-анасына қамқорлық танытқаны абзал. Бүгінде әлеуметтік желі арқылы талай тағдырды көзімізбен көріп, тұрмыс-тіршілігіне аянышты көзқарас танытып жатамыз.

Тілегі – қалқан, сөзі – ақыл, құтты үйіне жылулық кіргізіп тұратын әке біреудің босағасында жүрмеуі керек. Баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлген ана көше кезіп кетпеуі керек. Ананың көз жасы – жерге тамған су емес, жүрекке құйылған мұң. Әкенің іштей күрсінісі – өлшемі жоқ ауыр ұғым.

Жүрегі мейірімге толы ананың назы – дауыс көтермей айтылған үнсіз өкпе. Ол – реніш емес, жүректен шық­қан жылымық сағыныш, бала­сының түзелуін күткен мейірім. Ас­қар таудай болып көрінген әкенің үміті – үнсіз ишаратпен жасалған сенім. Қатты сөздің артында тұрған қам­қорлық, салмақтың ойдың ішін­дегі алаң. Мақтампаздыққа емес, адал­дыққа жетелеген күш.

Шын мәнінде, хәкім Абай Құнанбайұлы жиырма тоғызыншы қара сөзінде: «Ата-анадан мал тәт­ті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыз­дың ісі емес пе? Ата-ана шамасы кел­се, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, Құдайға дұш­пандық іс емес пе? Осындай білмес­тік­пен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек» деген екен.


Мейірімділік жоғалып бара жат­қан қоғамда ата-ананың қадірін ұғына алмай жатқан жандар қан­ша­ма. Қазіргі уақытта ата-анасын жалғыз тастап, хабар-ошарсыз, ортақ байланыс орнатпайтын жұрт­қа не айтамыз? Біз ақыл айтудан аулақ­пыз, десек те адамда ана жал­ғыз, әке біреу. Соңғы уақытта орын алған жағдайдың көбісі – қамысты бос ұстасаң, қолыңды кесетіндігін аңғар­туда.


Айтыңызшы, соңғы рет анаңызға қашан қоңырау шалдыңыз? Әкеңіз­бен қай кезде емен-жарқын әңгіме­лес­тіңіз? Бәлкім, сөзбен емес, іс жүзінде іске асатын адамда жылу­лық жетіспей жатқан шығар. Сосын ата-ана мен бала арасындағы берік байланысты нарықтық заман, күн­көріс, күйбең тірлік жоғалтады деп сыл­тау­ратпайық. Баланың ата-анаға құр­меті – санасында, өмірлік жиған тәрбиесінде жатыр.

Балтабай А.
Фото: ашық дереккөз

10 қаңтар 2026 ж. 533 0