Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жетістікке толы жыл: мерейі тасыған сырдариялықтар

Жетістікке толы жыл: мерейі тасыған сырдариялықтар

Кеше аудандық мәдениет үйінде жылдың қорытынды іс-шарасы өтіп, мереке-думанға ұласты. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жылды табысты қоры­тын­дылап, то­лағай жетістікке қол жеткізе білген жұрт­шы­лықты аудан басшысы Жаңа жыл ме­рекесімен құт­тықтады.
Өз кезегінде жыл көле­мінде табысты еңбек еткен сала мамандары арнайы но­ми­­нация бойынша марапат­талды. Атап айтқанда, об­лыс­тық мәс­лихат депутаты Жұмабек Ембергенов «Жо­март жүрек», аудандық мәс­лихат депутаты Гүлбану Смайлова «Үздік халық қалау­лысы», «Газстройтехпроект» ЖШС басшысы Ғалымжан Маханғалиев «Жыл меце­наты», №8 «Айгүл» бала­­бақ­­шасының меңгерушісі Сәр­сенкүл Рысбаева «Үздік білім саласы қы­меткері», қо­ғамдық даму бөлімі «Үздік бөлім», С.Сейфуллин ауылы «Үздік ауыл», аудандық ауру­хананың бас мейіргері Райса Анасова «Үздік медицина сала­сының қызметкері», «Сыр­­­­дария ауданының оқ­шау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бө­лім­ше басшысының орын­басары Ерлан Мырзахмет «Үздік коммуналдық сала қызметкері», «Тереңөзек та­за­лығы» ком­мунал­дық мем­лекеттік мекемесінің жұмыс­шысы Руслан Елубаев «Үздік еңбек адамы», «Тіршілік ты­нысы» газетінің бас маманы Нұргүл Сарқыншақова «Үздік бас­па­сөз қызметкері», Сыр­дария ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлім­шесінің учаскелік полиция инспекторы Жандос Жұмабек «Үздік сақшы», ау­дандық мә­­де­ниет үйі дирек­торының орынбасары Азиз Cадықов «Үздік мә­дениет саласы қыз­меткері», Сырдария ау­дан­дық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің әдіс­кері Ұлпан Дайрабаева «Үздік спорт саласы қызмет­кері» номинациясымен мара­пат­­талды. Сонымен бірге жекелеген азаматқа Ауыл шаруашылығы министрінің «Құр­мет» грамотасы мен «Ауыл шаруашылығы сала­сының үздігі» төсбелгісі бе­ріл­ді. Ал сала мамандарына облыс жә­не аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.
Мерекелік кеш барысында аудан өнер­­­паздары әннен шашу шашып, өнер көрсетті.


Балтабай АЯБЕКҰЛЫ

31 желтоқсан 2025 ж. 76 0