Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№99

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жерлесіміз ресейде отандық ғылымның әлеуетін танытты

Жерлесіміз ресейде отандық ғылымның әлеуетін танытты

Жыл соңында оқырмандарымызға жағымды жаңалықтарды жеткізуге асықпыз. Аптаның кезекті нөмірі қатталып жатқанда Ресейдің Дубна қаласынан ақжолтай хабар жетті.

Желтоқсан айының 15-21 күндері аралығында Дубна мемлекеттік уни­верситетінде халықаралық ғы­лыми-білім беру мектебі өз жұмысын жүргізген. Аталған іс-шара Дубна мемлекеттік университеті, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гума­нитарлық ынтымақтастық жөнін­дегі мемлекетаралық қоры және Біріккен ядролық зерттеулер институтының ұйым­дастыруымен өткен.

Халықаралық ғылыми-білім беру мектебіне Өзбекстан, Тәжікстан, Армения, Қазақстан, Қыр­ғызстан және Ресейден 40-тан астам студент, жас ғалымдар мен оқытушылар қатысқан. Қазақстан Республикасынан Қорқыт ата университетінің «Физика және математика» кафедрасының 2-курс магистранты, тереңөзектік Асқар Әли халықаралық ғылыми алаңда белсенді түрде тәжірибе алмасып, отандық ғылымның әлеуетін танытты.

Жерлесіміз мектеп аясында өз ғылыми ізденісі мен нәтижесін шетелдік әріптестеріне ұсынып, әсіресе жасанды интеллект саласындағы тың идея­ларымен бөлісті. Оның ғылыми баяндамасы мен пікірлері қатысушылар тарапынан жоғары қызы­ғушылық тудырып, халықаралық ғылыми қауым­дастықпен кәсіби байланыстар орнатуға мүм­кіндік берген.

– Биылғы жылдың соңында халықаралық ғылыми-білім беру мек­тебі бағдарламасы аясында қаты­сушылар үшін ғылыми-көпшілік дәрістер ұйымдастырылып, бірегей ғылым қалашығы – Дубна­ның ғылыми-инновациялық әлеуетімен таныстыру шаралары өткізілді. Сондай-ақ ғылым, технология және кәсіпкерлік бағыттарында тақы­рыптық кездесулер өткізілді. Жастардың ғылыми дүниетанымын кеңейтуге, халық­аралық ынты­мақ­тастықты нығайтуға және жаңа ғылыми байланыс­тар қалып­тастыруға кең мүмкіндік жасалды, – дейді жас ғалым Асқар Әли.

Айту керек, жерлесіміз Асқар Әли – аудан орта­лығындағы Оспан Әбілпаттаев атындағы №210 ор­та мектептің түлегі. Ол халықаралық ғылыми-білім беру мектебінде отандық ғылымның әлеуетін таныпыт қана қоймай, қазақ халқының бай мәдениетін таныстырып, ұлттық құндылықтарды халықаралық ортада насихаттауға да өз үлесін қосты.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ

27 желтоқсан 2025 ж. 26 0