Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ғылыми жобалар көрмеге қойылды

Ғылыми жобалар көрмеге қойылды

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Нұр себеле, Наурыздың ұлы күні» атты мерекелік шараның кезекті көрмесі ғылыми жобаларға арналды.

Көрмеге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу мақсатында оқытушы-ғалымдары мен студенттері дайындаған гранттық және халықаралық үздік ғылыми жобалар қойылды. Олардың қатарынан Қорқыт Ата Қызылорда университеті Археология және этнография ғылыми орталығы VII-XI ғасырда Жанкент қалашығынан табылған керамикалық қыш ыдыстар да орын алды. Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығының косметикалық химия бағытындағы жобалары, Физика-химиялық талдау әдістері инженерлік бейіндегі зертхана Күріш қалдықтарынан жасалған жаңа өнімдерін ұсынды. Компютерлік ғылымдар кафедрасының робот техника үйірмесінің жобалары асқан қызығушылықпен қаралды. “Аграрлық технологиялар”кафедрасының Африкалық тарының жоғары өнімді сорттарын өсіру туралы жобасы көрмедегі жобалар қатарын толықтырды.

Фото: Ашық дереккөзден

26 наурыз 2024 ж. 187 0