Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұмысшы жастың мәртебесі биік

Жұмысшы жастың мәртебесі биік

Әр жылда дәстүрлі түрде өткізілетін жас­тар форумы ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында өтті. Іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев қатысып, жастарды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар бірқатар жас «Жыл үздіктері» марапатына ие болды. Осы ретте кейіпкеріміз «Тереңөзек тазалығы» КММ-нің механигі – Жаңа­бай Арғынбай аудан әкімінен «Жыл үздігі» марапатын иеленді.

Тереңөзек кентінің сани­тариялық тазалығын қамтамасыз ету саласында қыз­мет атқарып жүрген «Тереңөзек тазалығы» мекемесінің техникалық әлеуетін тиімді әрі тұрақты пайда­лануға елеулі үлес қосып келеді.

Ол арнайы техникалардың жарам­­дылығын тұрақты бақылап, уақы­тылы жөндеу және техникалық қыз­мет көрсету жұмыстарын сапалы атқарады. Қыс мезгілінде көше мен қоғамдық орындарды қардан таза­лау жұмыстарының үздіксіз жүргі­зілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» жалпы ұлт­тық бастамасы аясында тұрмыстық қалдықтарды жинау және сани­тария­лық тазалау, абаттандыру және тал егу іс-шараларына белсенді қаты­сып, өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындайды.

Осындай еңбегі арқылы ол ұжым арасында сый-құрметке ие болып, ау­данның көркейту ісіне адал қызмет етуде.

Жаңабай Бағдатұлы Қызылорда қаласында «Орда» жоғарғы кол­лед­жінің «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйым­дастыру» мамандығын иеленеді. Білі­мін жалғастыруды мақсат еткен талап­кер Қорқыт ата университетінен осы білімін шыңдап, кәсіби дамудың жаңа белесіне қадам басады. Алғашқы еңбек жолын аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлі­мінде сынақ мерзімінде механизатор қызметін атқарады. 2024 жылдан бас­тап «Тереңөзек тазалығы» комму­нал­дық мемлекеттік мекемесінде еңбек етіп келеді.

– Бұл марапатты алу мен үшін үлкен құрмет. Аудан тазалығын сақтау ісіне өз үлесімді қосу – менің аза­маттық парызым әрі кәсіби мін­детім. Өзім қызмет ететін ұжымның әрбір мүшесінің қолдауы мен көмегі үшін алғыс айтамын. Болашақта да өз ісіме жауапкершілікпен қарап, ауданымыздың көркі мен тазалығын сақтау жолында барымды салуға да­йынмын, – деді жас маман.

Ақтоты ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

23 желтоқсан 2025 ж. 309 0