Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАҒДЫР ТЕПЕРІШІН КӨРГЕНДЕР

ТАҒДЫР ТЕПЕРІШІН КӨРГЕНДЕР


Босқындар – өмір сүрулеріне қауіп төнуі, нәсілшілдік, діни қысым жасау, саяси қудалау, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топтарға жатуына байланысты қуғын көріп, туған жерін тастап қашуға мәжбүр болған адамдар тобы. Азаматтығы жоқ немесе апатрид, «кез келген мемлекеттің азаматы немесе ұлты ретінде қарастырылмайтын және оның заңнамасына бағынбайтын» адам. Басқаша айтқанда, апатрид – азаматтығы жоқ немесе ұлты жоқ адам. Елдің ішкі заңнамасында екі ұғым арасында айырмашылық болғанымен халықаралық құқықтық мәселе ретінде, ұлттық және азаматтық ұғымдары үндес.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2000 жылғы 4 жел­тоқсандағы шешіміне сәйкес, Африка Бірлігі Ұйымымен (АБҰ) жасалған келісім бойынша босқындардың дүниежүзілік күні болып қа­былданған. Негізінен, 1969 жылдан бастап дәл осы күні Халықаралық африкалық босқындар күні болып аталып келген болатын. Босқындар құқығы 1951 жылы қабылданғаны мәлім. Құрамында 145 қатысушы мемлекеті бар, отанын тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың құқықтары, сонымен қатар оларға қатысты мемлекеттердің міндеттері «Босқындар мәртебесі туралы» конвенцияда айқындалған.
БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні әлемде 20 млн. босқын бар. Бұдан бөлек 40 миллионнан астам адам өз елінің басқа аумағына көшуге мәжбүр болған. Босқындардың 75 пайызы 11 елдің азаматтары. Ал, барлық босқынның 70 пайызын әлемнің 7 мемлекеті қабылдауда. Олардың жартысы – 18 жасқа толмаған жас балалар. БҰҰ Миграция жоғары комиссариатының ресми мәліметінше елдерінен күштеп шығарылғандардың саны 65,6 млн. болғанын жариялады. Егерде әлемде көлемі жағынан елінен кеткендердің саны бір елдің халқы болғанда, онда әлемнің ең ірі 21-ші елі болатыны және әрбір минут сайын орташа есеппен 24 адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болатыны айтылған. Сирия, Ауғанстан, Сомали – ең көп босқын берген елдер қатарында. Бір Сирияда мәжбүрлі түрде қоныс аударушылардың саны шамамен 12 миллион адам болған! Оның 6,3 миллионы ішкі қоныс аударушылар. Аталған көрсеткіш бойынша Сирия әлем бойынша бірінші орында тұр! Екінші орында Ауғанстан. Бұл мемлекеттегі босқындар саны 2,5 млн. Үшінші орында болса, соғыс, қырғын тоқтамай жатқан Оңтүстік Судан тұр. Ондағы босқындар саны 1,4 млн. Дүниежүзіндегі босқындардың 86 пайызын даму жолындағы мемлекеттер қоныстандырса, 4,2 млн. босқын ең аз дамыған елдерде. Ал Түркия ең көп босқын паналатып отырған ел қатарында.
Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеу­меттік, экономикалық және табиғи-кли­мат­тық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланыс­ты адамдардың ата қоныстарын, тұр­ғы­лықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшу­лері. Босқыншылық соғыс салдарынан да орын алады. Қазақ халқының тарихында үлкен Босқыншылық 18 ғасырдың 20-жылдарында жоңғар қалмақтарының қазақ жеріне баса кіруіне байланысты орын алғаны баршамызға мәлім. Тарих беттеріне сүйенсек сол зобалаң барысында Ұлы жүздің қырғыннан аман қалған халқының қалғаны Орта жүздің халқының біраз бөлігімен бірге Ходжентке қарай, Орта жүздің үлкен бөлігі – Самарқанға, аз бөлігі Хиуа мен Бұхараға босқын түрінде қаша көшкен. Бұл алапат оқиға ел аузында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Сауран айналған» деген атаумен белгілі. Әрі қарай 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты Ресей үкіметінің аяусыз басып-жаныштауы барысында орын алды. Сол кезеңде Жетісу облысының екі уезінің өзінен «босқын қазақ 67 мың 650 жан, қырылғаны 35 мың 100 жан» деген мәліметтер бар. 1918-20 жылдардағы Азамат соғысы тұсында және 1921 жылы орын алғанын білеміз. Жұт, малдың көктайғақтан қырылуы, қыстың ерте түсуі, шөптің жетіспеуі тәрізді себептерге қосымша, большевиктердің қазақтар қолдарындағы малды Қызыл армияның пайдасына жаппай тартып алуы, осындай іс-әрекеттер ақтар тарапынан да көрсетілуі салдарынан қазақтар жаппай босқыншылыққа және қырғынға ұшырады. Жан түршігерлік алапат босқыншылықтың енді бірі 1930-33 жылдардығы көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру және күшпен ұжымдастыру барысында орын алды. Бұл кезеңде жаппай ашаршылықтан аман қалған босқындар саны 1 млн. 150 мың адамға жуық болған. Олардың ішінде Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтіп кеткен босқындар 100 мыңға жуықтаған. Сонымен қатар көрші кеңестік республикаға 300 мыңнан астам босқын бытырап кеткен.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ

19 маусым 2018 ж. 952 2

Гость JeaOrer от 15 ақпан 2019 21:48
Viagra Professional Online Uk Dutasteride Bph Propecia Saw Palmetto Levels buy cialis Cialis Et Jus Pamplemousse

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 02:14
Isotretinoin Drugs Propecia Finasteride Buy Amoxicillin Clavulanate Potassium Web Md cheapest cialis Viagra Quanto Costa In Italia Cialis Super Active