Менингит қандай ауру?
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында брифинг өтті. Брифинг барысында Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы – Олжас Жаханов менингит ауруы туралы айтты.–Менингит деген не? Менингит – бұл миды және жұлынның қабықшаларын қабындыратын инфекциялық ауру. Ол вирустармен, бактериялармен немесе басқа да микроорганизмдермен туындауы мүмкін. Аурудың ауырлығы әртүрлі болып келеді, кейде өте қауіпті жағдайға да әкелуі мүмкін. Менингиттің негізгі белгілері: қатты бас ауруы дене қызуының көтерілуі, мойынның қатаюы (мойынның қозғалысы қиындық тудыруы, Жарыққа сезімталдық, құсу және жүрек айнуы, шаршағыштық, ұйқышылдық. Балаларда – жылау, тәбеттің төмендеуі, денедегі бөртпелер сияқты белгілер болады.
Менингиттің себептері негізінен бактериялық менингит бұл түрі аса қауіпті және шұғыл медициналық көмек қажет. Негізгі қоздырғыш бактериялар – менингококк, пневмококк және тағы басқалары. Вирустық менингит: Көптеген жағдайда жеңілірек өтеді. Әдетте, вирустық инфекциялардан туындайды. Саңырауқұлақтық менингит: Иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға қауіптірек болуы мүмкін.
Алдын алу шараларын айта кететін болсақ уақытылы вакцинация жасау, жеке бас гигиенасын сақтау, басқа адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған жағдайда сақтық шараларын сақтау.
Фото: ашық дереккөз









