Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық сенімін ақтау – басты міндет

Халық сенімін ақтау – басты міндет

Депутаттар – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Ел-халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оны атқарушы органдарға жеткізіп, мәселенің оңтайлы шешімін табу жолында депутаттардың еңбегі ерен. Олар қай салада, қай бағытта болса да бірдей. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосып жүрген белсенді депутаттардың бірі – Жұмабек Ембергенов. №7 сайлау округінен Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған азамат елмен етене еңбек етуде.

Аманат ар­қа­лаған азамат бұл күнде ау­дан­­ның өсіп-өр­кен­деуі жолында өзіндік еңбегін сіңіріп, түрлі са­­ладағы серпінді жұ­­­­­мыс­­­тардың жү­­зе­­ге асуы­на ұйытқы болып ке­леді.

– Мемлекет бас­­­шы­сының Сыр өңі­ріне жасаған сапары тарихи сапар болды. Атап айтар бол­сақ, соңғы үш-төрт жылда ай­маққа Президент бірнеше рет кел­ді. Атқарылған жұ­мыс­­ты оң баға­ла­ған Мемлекет бас­­шы­сы облыстың даму қарқыны жо­­ға­­­ры екенін айтты. Бұл – ортақ абырой және облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының табанды еңбегінің, ел-халықтың бірлесе атқарған жұмысының жемісі. Сондықтан осы қарқынды бәсең­детпей, өңірдің әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруымыз керек, – деп бастады Ж.Әшімұлы бізбен әңгімесін.


Өңірдің өзекті мәселелері – елдің жүгін арқалаған азаматтарға ортақ іс. Бұл ретте депутат әріптестерімен бірге облыстық мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссия отырыстарында тұрғындарды өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін мәселелерді шешу мақсатында ұсыныстар енгізіп, оның орындалуына атсалысып келеді. Ж.Әшімұлы Сырдария ауданынан сайланғандықтан әдетте аудандағы елді мекендерді газдандыру, жол жөндеу, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу, жаяу жүргіншілер жолын салу секілді мәселелерге басымдық береді.

– Заман дамыған, қоғам жаңарған сайын сұраныс та, талап та артады. Бұл – заңдылық. Ауданда бүгін-ертең шешілмесе болмайтындай аса өзекті мәселе жоқ. Бірақ біз бюджеттің мүмкіндігіне қарай ең бірінші кезекте ауылдарды газдандыруға ерекше мән береміз. Бұл «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында да бар. Жұмыс­тар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мысалы, соңғы жылдары Тереңөзек кенті, Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов, Н.Ілиясов ауылдары газға қосылды. Жақын күндері Шаған ауылы көгілдір отынның игілігін көрмек. Әрі қарай басқа да ауылдарға газ тартылады. Депутаттық сауал­дарым мен ұсыныстарымда елді мекендерді газдандыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, электр желілерін жаңарту, автомобиль жолдарын жөндеу, жаяу жүргіншілер жолын салу, абаттандыру мен көше жарығын орнату секілді мәселелерді шешуге басымдық беріп отырмын, – дейді Ж.Әшімұлы.

Депутат – халықтың өкілі, халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан халықпен етене жақын араласып, пікірлесіп, олардың ұсы­ныс­тарын қаперге алу – басты мақсат. Жалпы қазір атқарылып жатқан жұмыстың бәрі халықтың көз алдында. «Облыс орталығындағы жұмыстың қарқыны өте жоғары. Аудандарда да нақты істер атқарылуда. Мұның бәрі – аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының жасампаз идея­ларының, еңбегінің жемісі. Оны кешегі сапарында Мемлекет басшысы атап өтіп, жоғары бағалады» дейді депутат.

Аудандық газеттің жанашыры әрі тұрақты оқырманы Жұмабек Әшімұлынан бүгінгі жастар мен жасөспірімдер туралы ойын және депутат ретінде жастарға қандай қолдау көрсетіп жүргенін сұрадық.

– Қазіргі жастардың ойлау қабілеті де, арман-мақсаты да бөлек. Жұмыс барысында жастармен жиі кездесемін. Сонда аңғаратыным, жас­тар цифрлық жүйелерге жіпсіз байланғандай. Оның жақсы жағы да бар, жаман жағы да бар. Бірақ біз ұлттық кодымыздан жаңылмауымыз керек. Мемлекет басшысы зияткер ұлт қалыптастырудың төте жолы ретінде кітап оқу мәдениетіне көңіл бөлу қажеттігін үнемі айтып келеді. Сырдария ауданында бірнеше жылдан бері оқушылар арасында «Кітап оқы да кемелден!» атты дәстүрлі байқау ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ мерзімді басылым­дардың халықтың халық болып қалып­тасуын­да атқарған рөлі орасан. Бұл ретте жастарды оқудан қол үзбеуге үгіттеу қажет. Осы орайда өзіміздің ауданның төл басылымымен қатар жақсы жобаларға қолдау көрсетуді азаматтық парызым санаймын, – деп пікір білдірді.

Бұл күнде өңіріміз республикада алдыңғы қатарда деуге негіз бар. Биыл облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн теңгеден асады. Соңғы үш жылда аймақ экономикасына 1 трлн 600 млрд теңге инвестиция құйылса, осы жылы 720 млрд теңгеден астам инвестиция тартылмақ. 2025-2028 жылдары құны 2 трлн теңгеден асатын 89 инвестициялық жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Сыр өңірінде 2022 жылдан бері 200-ге жуық халыққа қажетті әлеуметтік нысан салынып, тұрғындар игілігіне берілген. Сондай-ақ 1 600 шақырым автомобиль жолдары мен 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуден өткізуге 144 млрд 775 млн теңге бөлінді. Биыл жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетеді. Қызылорда қаласында 270 көше қайта жаңғыртылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық елді мекен 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. 2021 жылдың соңында газдандыру деңгейі 67 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 83 пайызға жетті. Кейінгі жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталды. Аудандарда алғаш рет 1,5 мыңға жуық жаңа пәтер жерлестерімізге берілді. Биыл 3 600 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд 785 млн теңге бөлінген.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ

15 қараша 2025 ж. 56 0