Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » «Тикток» қайда барасың?!

«Тикток» қайда барасың?!

Әлеуметтік желілердің қай-қайс­сы болса да пайдалы және зиян тұс­тары бар. Соның ішінде тикток деп аталатын, кейіннен іске қосылған жүйе жастармен қатар балалардың санасын улап отыр.

Статистикалық деректерге назар салсақ, еліміз бойын­ша Instagram-ға – 12,1 млн, Facebook-қа – 2,6 млн, ал небәрі екі жылдың ішінде TikTok-қа 14,1 млн азамат тіркелген. Өзіміз де күн­делікті көзіміз көріп жүргендей, қазір кішкентай баланың бәрі осы тикток-пен «ауырады». Небір трендті қайталап түсіріп, өзінше қиял әлеміне бой алдырады. Ондағы контенттер көбіне пайдасыз, һәм зиян әдеттерге үндеуі мүмкін. Осындай себептермен кей мемлекеттер тиктокқа тыйым салып, пайдалану мүмкіндігін бұғаттаған.

Атап айтар болсақ, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Сомали, Өзбекстан­да ұлттық қауіпсіздікке келтірген зияны мен жастарды «адастырушы» контенттері үшін атал­­ған желіге тыйым салып, бір­жола бұғаттаған. Ал Еуропалық Одақ, Канада, Ұлыбритания, Аустралия, Жаңа Зеландияда аталған әлеуметтік желіге ішінара тыйым бар. Сондай-ақ Солтүстік Корея мен Түрікменстанда бұл ғана емес басқа да әлеуметтік желілерге толық ты­йым салынған.

Ал Қазақстанда бұған дейін де аталған мәселе бірнеше мәрте көтерілгенімен, әлі де бірұдай ше­шім нақтыланған жоқ.

Фото: ашық дереккөз
«Тт» ақпарат
11 қараша 2025 ж. 189 0