Тик ток-қа тыйым бар ма?
Әлеуметтік желілердің қай-қайссы болса да пайдалы және зиян тұстары бар. Соның ішінде тикток деп аталатын, кейіннен іске қосылған жүйе жастармен қатар балалардың санасын улап отыр. Статистикалық деректерге назар салсақ, еліміз бойынша Instagram-ға – 12,1 млн, Facebook-қа – 2,6 млн, ал небәрі екі жылдың ішінде TikTok-қа 14,1 млн азамат тіркелген.Өзіміз де күнделікті көзіміз көріп жүргендей, қазір кішкентай баланың бәрі осы тикток-пен «ауырады». Небір трендті қайталап түсіріп, өзінше қиял әлеміне бой алдырады. Ондағы контенттер көбіне пайдасыз, һәм зиян әдеттерге үндеуі мүмкін. Осындай себептермен кей мемлекеттер тиктокқа тыйым салып, пайдалану мүмкіндігін бұғаттаған.
Атап айтар болсақ, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Сомали, Өзбекстанда ұлттық қауіпсіздікке келтірген зияны мен жастарды «адастырушы» контенттері үшін аталған желіге тыйым салып, біржола бұғаттаған. Ал Еуропалық Одақ, Канада, Ұлыбритания, Аустралия, Жаңа Зеландияда аталған әлеуметтік желіге ішінара тыйым бар. Сондай-ақ Солтүстік Корея мен Түрікменстанда бұл ғана емес басқа да әлеуметтік желілерге толық тыйым салынған.
Ал Қазақстанда бұған дейін де аталған мәселе бірнеше мәрте көтерілгенімен, әлі де бірұдай шешім нақтыланған жоқ.
«Тт» ақпарат
Фото: Нұрболат Нұржаубай










