Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әлемде алғаш рет ТикТок факультеті ашылды

Әлемде алғаш рет ТикТок факультеті ашылды

Украиналық әнші және тиктокер Михаил Поплавский Киев мәдениет және өнер университетінде ТикТок факультетін ашты. Бұл туралы massaget.kz жазды.

Бұл факультет Украинада ғана емес, әлемдегі алғаш ашылған факультет. Факультетте оқу Киев мәдениет және өнер университетінің барлық студенттері үшін ақысыз болады.

Поплавскийдің айтуынша, болашақ әлеуметтік желілерге тиесілі болады, сондықтан жастарды әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге үйрету керек.

"Менің мақсатым – ТикТокты украинизациялау, елдің жаңа тарихын жасайтын креатив және болашағы зор жастарды басқару. Біз нөлден бастап үйретеміз және әрбір түлекке диплом беріледі", - деп жазды Тиктокер.

Айта кетейік, Михаил Поплавский 1993-2015 жылдар аралығында Киев ұлттық мәдениет және өнер университетінің ректоры болды. 
19 қыркүйек 2021 ж. 743 0