Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер құқының қорғалуы – басты назарда

Мемлекеттік қызметшілер құқының қорғалуы – басты назарда

Ел дамуының басты қозғаушы күші – әділ әрі сапалы мемлекеттік басқару секторы. Ал осы жүйенің негізі – өз ісіне адал, білікті мемлекеттік қызметшілер. Жауапкершілік жүгін арқалаған бұл мамандардың құқығы қалай қорғалады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің Қызылорда облысы бойын­ша Департа­ментінде мемлекеттік қыз­мет саласындағы бақылауды жүзеге асыру функциясы енгізілген.

Бұл ретте, азаматтармен бірге мем­лекеттік қызметшілердің де құқықтарын қорғау, ал бұзылған жағдайда қалпына келтіру жұмыстары Департаментпен жүзе­ге асырылып келеді.

Әрине, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда мемлекеттік қыз­метшілердің меритократия қа­ғидаттары негізінде өз еңбегіне сай ман­саптық өсу мүмкіндігімен қатар олардың мораль­дық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.

Дегенмен, мемлекеттік қызмет­ші­­лердің қызметі Әдеп кодексінде бел­гіленген талаптар аясында жүзеге асыру қажеттілігіне қарамастан, соң­ғы кез­де мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу деректері әлі де орын алуда.

Мысалы, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялардың жұмысына жүр­гізілген талдау нәтижесімен 2025 жылдың 9 айында 488 мемле­кеттік қызметшіге тәртіптік жаза қол­даныл­ған. Оның ішінде, жергілікті атқарушы органдарда 386, орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінде 102 мемлекеттік қызметші тәртіптік жаупкершілікке тартылған.

Тәртіптік жауапкершілікке тартыл­ғандардың қатарында қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін 7, мемле­кеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін 7 қызметші бар.

Аумақтық департаментпен 2025 жылдың 9 айында 24 тексеру жүр­гізілді, оның ішінде 7 жоспарлы және 17 жоспардан тыс, нәтижесінде 419 заң бұзушылықтар анықталды.

Бұзушылықтарды жою туралы 11 ұсынулар енгізіліп, 27 мемлекеттік қыз­метшінің бұзылған құқықтары қал­пы­на келтірілді.

Мысалы, аз. А.Т-ның жолданымы негізінде Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратына жоспардан тыс тексеру жүр­гізілді.

Тексеру нәтижесімен, Ақсуат ауыл­дық округі әкімі аппаратының жетек­ші маманына негізсіз тәртіптік жаза қолданылғандығы анықталды.
Департаментпен енгізілген ұсы­нудың нәтижесімен Ақсуат ауыл­дық округі әкімінің 09.07.2025 жылғы өкімнің күші жойылды.

Сонымен қатар, жоспарлы тексеру нәтижелерімен 17 мемлекеттік қызметшілерге іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақы шығыстары өтелмегендігі анықталды.

Департаментпен анықталған бұзу­шы­лықтарды жою туралы ұсы­нулар енгізіліп, нәтижесімен 17 мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындары төлен­­ді.

Сондай-ақ, Шиелі ауданы әкімі аппаратына жүргізілген жоспарлы тексерумен Талаптан ауылдық округі әкімінің м.а. және Ортақшыл ауылдық округінің бас маманына тәртіптік жаза қолдану барысында Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» Қағидаларының талаптары сақталмағандығы анық­тал­ды.
Департаментпен енгізілген ұсы­нудың нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтардың күші жойылып, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Бұдан бөлек, Департаментпен мем­лекеттік органдардың тәр­тіптік тәжірибесіне тоқсан сайын талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. 2025 жылдың 9 айында талдаудың нәти­жесімен 17 мемлекеттік қызметшіге қатысты заңсыз қабылданған бұйрық­тардың күші жойылып, олардың бұзыл­ған құқықтары қалпына келтірілді.

Жұмыс уақыты режимінің бұзылуы­ның алдын алуға және оған жол бер­меу мақсатында 83 мониторинг жүр­гізіліп, 264 үстеме жұмыс жасау дерегі анықталды. Департаменттің хаты негізін­де 264 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оларға 437 демалыс сағаттары берілді.

Сондай-ақ, Департаментпен 2025 жыл­дың сәуір-мамыр айларында 2024 жылдың қорытындысымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қыз­­метшілеріне сыйақы беруде заң­ды­­лықтардың сақталуына талдау жүр­гізілді.

Талдау нәтижесімен 6 мемлекеттік қызметшіге негізсіз сыйақы беріл­мегендігі анықталып, олардың құқық­тарының бұзылуына жол берілгендігі анықталды.

Аталған мәселе, Қызылорда облы­сындағы Әдеп жөніндегі кеңесте қара­лып, қабылданған шешім негі­зінде 6 мемлекеттік қызметшіге сыйақы төлен­ді.

Департамент алдағы уақытта да өз міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың сақ­талуын бақылаумен қатар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарының бұзылмауын қадаға­лайтын болады.

Е.Ж.Мендалиев,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңестің
төрағас
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ ы
25 қазан 2025 ж. 73 0