Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі оқушы – ертеңгі көшбасшы

Бүгінгі оқушы – ертеңгі көшбасшы

Мектеп оқушылары арасын­дағы сайлау – оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін қалып­тастырудың маңызды бөлігі. Жас­­өспірімдердің белсенді аза­мат­тық ұстанымын арттыру мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында білім ордаларында мектеп президенті сайлауы өтті.

Әдетте сайлау оқу жылының басында өткізіледі. Оған әр сыныптан белсенді, үлгілі оқушылар кандидат ретінде ұсынылады. Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныс­тырып, мектеп өмірін жақсарту мақ­сатындағы ой-пікірін ортаға салады. Сайлау барысында оқушылар дауыс беру арқылы мектеп президентін немесе өзін-өзі басқару ұйы­мының мүшелерін таңдайды. Бұл – мәдениет­тің алғашқы баспалдағы, ұйым­шыл­­дықты үйрететін маңызды тәжірибе.

Осы орайда №37 мектеп-лицейінде «Мектеп парламент» жобасы аясында мектеп президент сайлауына куә болдық. Іс-шараға аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гаухар Темірбекқызы, аудандық сайлау комиссиясы жанынан құрылған жас сайлаушылар клубының мүшелері қатысты. Сайлауға алдын ала дайындық бойынша жоғары сынып оқушылар қатысты.

– Сырдария аудандық сайлау комиссиясының жанынан жас сайлаушылар клубы құрылған болатын. Клубтың алғашқы іс-шарасы осы білім ордасында бастау алып отыр. Жас сай­лаушылардың ұйымдастыруымен мектеп прези­­денті сайлауына бақылаушы болдық. Қатысушыларға сәттілік тілейміз! – деген аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары өз кезегінде белсенді оқушыларды арнайы марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Мектеп сайлауына оқу озаттары Бану Бабырқызы, Нұртас Ғабитұлы, Диляра Жақсыби, Диана Мақсұтхан, Ернұр Өтегенов кандидат болды. Нәтижесінде 199 оқушы дауыс беріп, Бану Бабырқызы көп­шілік дауысымен жеңімпаз атанды.

Мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, түрлі іс-шаралардың басы-қасынан табылатын үздік оқушыларды қоғам өміріне тартудың маңызы зор. Бүгінгі оқушы – ертеңгі ел болашағы. Сондықтан мек­теп оқушыларын үлкен істерге даярлау мектеп қабырғасынан бастау алады.

Ақтоты ӨТЕПБЕРГЕНОВА
25 қазан 2025 ж. 68 0