Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

11 қазан 2025 ж.

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Адал еңбек – берекелі тіршілік

Адал еңбек – берекелі тіршілік

Омарташылық – үлкен жауапкершілік пен төзімділікті қажет ететін кәсіп. Бұл кәсіппен, бал арасын өсірумен сырдариялық жас кәсіпкер Абылай Бітімбаев 2019 жылдан бері айналысып келеді. Абылай үлгілі ауылдың, аты республикаға танылған Нағи Ілиясов ауылының тумасы. Ол бүгінде омарташылықтың қыр-сырын жақсы меңгерген. Алғашында аз ғана бал арасымен бастаған ол уақыт өте келе ара санын көбейтіп, өнім сапасын арттырды.

Жыл сайын табиғи таза бал өндіріп, оны тұтынушыларға ұсы­нумен қатар, Абылай эко­логиялық таза өнім өндірудің ма­ңыздылығын наси­хаттап келеді. Жаз мезгілінде омарташы балдың сапасына, аралардың жай-күйіне ерекше назар аударады. Бал маусымы аяқталған соң, алынған өнімді өңдеп, табиғи тазалығын сақтай отырып, тұтынушыларға ұсынады. Сонымен қатар омарташы Абылай Ақыл­бекұлы табиғи ор­таның сақта­луына, өсім­дік­­­тердің то­заң­­дануына ық­­пал етеді.

– Бұл кәсіпке жақын туысыма көмекші болып кө­мектесу барысында қызығу­шы­­­лығым оянды. Бал арасы өнімді күн жы­лығанда, шөп гүлдегенде бе­реді. Көктемде жә­­­шікке отыр­ғы­зып, гүл, мия, шең­гел, жантақ гүл­­деген шағында жа­­қын жерге бал ара­сының отбасын ор­наластырамыз. Бал арасынан өнімді көп алу үшін, араның жағдайы жақсы болу керек. Денсаулыққа әсері мол балды өндіру үшін маусымында көп еңбек етеміз. Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы орасан зор. Қазіргі күз мезгілінде тұмаудың жиі орын алатыны анық. Тұмау кезінде, өкпе қабынғанда пайдаланса, тез сауығып кетеді деп жатады.


Қазіргі таңда көмекшім Қалмырза Бижанмен бірге омартаның жұмыстарын тыңғылықты жүргізуіміздің арқасында мол өнім алып жатырмыз. Өнімге деген сұраныс та күн сайын артып келеді. Қала ішінде дүкендерге, аудан-ауылдарға жиі-жиі өткізіп тұрамыз, – дейді жас кәсіпкер Абылай.

Еңбекқор жастың табандылығы мен табиғатқа деген сүйіспеншілігі оны өз ісінің маманына айналдырды. Қазіргі таңда ол тек бал өндірумен шектелмей, тәжірибесімен бөлісіп, жастарды осы кәсіпке баулуға үйреткісі келеді. Табиғатпен етене байланыста, маңдай терімен бал өндіріп жүрген омарташы Абылай – еңбектің қадірін ұғынған жан. Оның табиғи таза өнім өндірудегі табандылығы мен жауапкершілігі көпке үлгі. Еңбегі еленген, ісі берекелі жастың жетістігі – ауылдың да, елдің де мақтанышы. Осындай еңбекқор, ізденімпаз жандардың көбейе түсуі – ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен серпін берері анық.


Кәсіп жолында оған әрдайым жан жары Асылзат Құдайбергенова қолдау көрсетіп келеді. Жас кәсіпкер шаңырақ астында балдай тәтті қызына қамқор әке, асыл жар болып, керегесін кеңейтіп, шаттыққа бөлеп отырған жас отбасы.

Ақтоты ӨТЕПБЕРГЕНОВА

11 қазан 2025 ж. 501 0