Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ауданда өңдеу өнеркәсібі қарқын алады

Ауданда өңдеу өнеркәсібі қарқын алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуі­ріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбындағы биыл­ғы Жолдауында елімізде инвес­тиция тарту, өнәркәсіпті дамыту бағытында ауқымды жоба қабылдану керектігіне баса назар аударылған еді. Жалпы ауыл мен ауданның төңірегінде инвестициялық жоба көбірек жүзеге асырылса, өнеркәсіп орны жаппай ашылса, халықтың әл-ауқаты едәуір жақсаратыны жасырын емес. Бұл ретте аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Алмат Сәдуақасовпен шағын сұхбат құрдық.

– Алмат Сандыбайұлы, аудан көлемінде инвестиция тарту жұмысы қаншалықты жүзеге асы­рылуда?

– Жалпы соңғы 3 жылда негізгі капиталға салынған инвестиция көр­сет­кішінің жоспары артығымен іске асырылуда. 2022 жылы 45,8 млрд теңге 213,1 пайызға, 2023 жылы 61,2 млрд теңге 130,5 пайызға және 2024 жылы 83,2 млрд теңге 132,3 пайызға артығымен орындалды. 2025 жылға қойылған меже – 85,0 млрд теңге. Ағымдағы жылдың 8 айында ауданға 46,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл жоспардың 55 пайы­зын құрайды. Қа­зіргі таңда 9 ай­дың қорытындысымен 100 пайызға шығу үшін мұнай компания­ларымен есеп­тілікті тапсыру бойынша тиісті жұмыс­тар жүргі­зілуде. Жал­пы аудан­да инвестиция тарту бойын­ша оң көр­сет­кіштерге қол жеткізу үшін қолайлы климат қалыптасқан. 2025-2029 жылдары бірқатар ірі инвес­тициялық жоба құрылысының басталуы күтілу­де. Мәселен, «Раманов» ШҚ-ның қуат­ты­лы­ғы 400 басқа арналған та­уар­­лы сүт фер­­ма­­­сының, Қы­зы­лор­да крах­мал-сірне зауыты» ЖШС-нің «Жүгері дә­нін терең өң­деу зауы­тының, катар­лық компания «Urbacon Concessions Investments WLL», қуаттылығы 1100 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы бас­тал­мақ. Инвестициялық жобаларға өңір­­­­лік үйлестіру кеңесі арқылы жер телімдерін бөлу, инженерлік ин­фра­­­­­­құры­лыммен қамтамасыз ету, қаржылай сүйемелдеу туралы шешім­­­­­дер қабылдау жал­ғасады. Осы жоғары­­­­да көрсетілген инвес­тициялық жобалардың негізінде көрсеткіш толы­ғымен орындалады деп күтілуде.

– Өңдеу өнеркәсібіне байла­ныс­­­­ты қандай жұмыс атқарылу­да?

– Жолдаудағы өзекті міндеттердің бірі – бұл өңдеу өнеркәсібін дамыту болып табылады. 2025 жылдың қаң­тар-тамыз айларында ауданның өнеркәсіп орындары 68,8 млрд теңге­нің өнімін өн­ді­ріп, өткен жыл­дың тиісті кезеңімен салыс­­­­тыр­­ғанда, бұл көр­сеткіш 178,8 пайызға орындалды. Өң­деу өнер­кә­сі­бі­нің көлемі 10 млрд тең­гені құрап, 2024 жылдың тиіс­ті кезеңімен салыс­­­тырғанда 133 пайызға ар­тық. Сырдария ауданы бо­­йынша 2025-2029 жыл­­­­дары жалпы құны 936,3 млрд теңгені құрай­тын 3 ірі жоба жүзеге асырылса, 2025 жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібі пулы бойынша 65 млн теңгенің 2 жобасы іске қосылады. Оның бірі – Қалжан ахун ауылындағы жылы­­жай құрылысы. Құны – 35 млн теңге. Биылғы жылдың маусым айында жылыжайдың 3 блогы іске қосылды. Ендігі кезекте қойма салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге Тереңөзек кентінде наубайхана құрылысы жүр­гізіліп, бүгін­де оның 90 пайызы аяқ­талды. Жыл соңына дейін іске қосы­лады. Микро және шағын бизнесті дамыту мақсатында өңірде өңдеу өнер­­кәсібін дамытуды қаржыландыру жұмыс­тары «Қызылорда» өңірлік инвес­тициялық орталығымен жал­ғасады. «Өңірлік инвестициялық орта­лығы» МҚҰ ар­қылы тамақ өндірісін дамыту мақсатында 78 млн теңгеге дейін 6 пайызбен 5 жылға несие берілуде. Кент және ауылдық округтерден жобалар жинақталуда.

– Кәсіпкерлік саласына қа­тыс­ты атқарылған іс-шара жөнін­де айтып бересіз бе?

– 2025 жылдың қыркүйек айы бойынша ауданда 2827 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Оның ішінде, 155 шағын және орта кәсіпкерлік, 1347 жеке кәсіпкерлер, 1325 шаруа және фермер қожалығы бар. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2773. 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны – 4533 адамды құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 6,7 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Жалпы жыл басынан бері Сырдария ауда­нын­да мемлекеттік және өңірлік бағ­дарламалар аясында құны 4,3 млрд теңгені құрайтын 174 жобаға қар­жылай қолдау көрсетілді. Оның ішінде, құны 4,1 млрд теңгенің 45 жобасы несие болса, құны 203 млн теңгенің 129 жобасы грант қаражаты. Жыл соңына дейін 950,4 млн теңгенің 164 жобасын қаржы ұйымына ұсыну жоспарлануда. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойын­ша 400 млн теңгенің 59 жобасы, Аграрлық несие кор­­порациясына 507,3 млн теңгенің 100 жобасы және екінші деңгейлі банк­­терге 43 млн теңгенің 5 жобасы қарас­тырылған.

Сұхбаттасқан
Балтабай ОРДАБЕКОВ
07 қазан 2025 ж. 74 0