Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдариялық қос елді-мекен «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсының тұғырында

Сырдариялық қос елді-мекен «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсының тұғырында

Еңбек күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы Өнер орталығында «Адал еңбек – адал азамат» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Байқадамов, Мәжіліс депутаты М.Әбенов пен құқық қорғау органдарының басшылары, қала, аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, шаруашылық өкілдері қатысты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үлгілі елді мекен» конкурсының «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша 1-орынды Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылы жеңімпаз атанса, тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін ауылдардың абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн.теңгенің сертификаттарымен Сырдария ауданының Іңкәрдария ауылына табысталды.

Салтанатты жиында аймақ басшысы «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 арнайы коммуналдық техника және қаржылай сыйақы табыстады.

Елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауылдағы ағайынның өмір сапасын жақсарту, қолайлы орта қалыптастыру, ауылдағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ынталандыру мақсатында 2023 жылдан бастап дәстүрлі түрде «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде.
Биыл 564 млн. теңгеге 19 техника сатып алынды.
Әр аудандағы бір ауылды абаттандыру, көркейту жұмыстарына 100 млн. теңгеден астам қаржы беріледі.

Еске салайық, соңғы екі жылда конкурс жеңімпаздарына 1 млрд. 500 млн. теңгенің күнделікті ел тұрмысына қажетті заманауи үлгідегі 48 арнайы техникасы табысталған болатын.
28 қыркүйек 2025 ж. 605 0