Қазақстанда жас ғалымдардың зерттеулерін қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдау басталады

Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:
- Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;
- Энергия, озық материалдар және көлік;
- Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
- Елдің зияткерлік әлеуеті;
- Өмір және денсаулық туралы ғылым;
- Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2026-2028 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
"ҰМҒТСО" АҚ ақпараттық жүйесі (is.ncste.kz) арқылы өтінімдер беру бойынша кеңес алу үшін Call center: +7 (727) 344-11-10 (ішкі. 203, 210, 211, 213, 214, 218, 219, 221, 223, 226, 227, 230, 233, 234).
Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін.
Ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде "ҰМҒТСО" АҚ ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2025 жылғы 29 қыркүйек.
Блокнотқа салынған ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков