Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨРДЕГІ ҚЫЗҒАНЫШ

КӨРДЕГІ ҚЫЗҒАНЫШ


Бір шалдың кемпірі төсек тартып ұзақ уақыт жатады. Сонымен өмірі үзілейін деп жатқанда кемпірі:
-Әй шал, сен мен өлгесін үйленесің, иә- депті
-Жоқ, үйленбеймін.
-Жоқ, сен үйленесің, мен білемін сені-деп кемпірі өмірінің соңғы минуттарында шалын қызғана бастайды.
-Жоқ, үйленбеймін Құдай сақтасын – деп шалы кемпірінің көңіліне тигісі келмейді.
-Үйленсең үйлен, бірақ саған бір шартым бар,-дейді кемпір
Шал іштей қуана:-Қандай шарт ол?
-Менің моламның топырағы кепкенше үйленбе, кепкен соң үйлене бер –депті кемпірі.
-Сенің айтқаның болсын. деп ішінен (ее-е-е еш қиындығы жо екен ғой деп шал қуанып кетеді)
Сонымен әйелінің ажалы келіп, өмірден озыпты. Шалы күніге кемпірінің моласына барып, құран бағыштап, моласының топырағы кепті ме екен деп қарайлап жүреді. Айлар өтіп жатыр, бірақ моласының топырағы еш кеппейді. Шал ашуланып немене мына кемпір суға тойып өлген бе? -деп ашуланып алады .
Күндер өте береді, бір күні шалдың күндіз уақыты болмай, кештетіп барып қайпақшы болады.
Келе жатса молаға біреудің су сеуіп жүргенін көреді. Қараса өзінің қайынінісі. Шал:
-Әй, сен неғып жүрсің?-деп сұрақ астына алады.
-Апам соңғы демің үзілгенше молама су сеуіп тұршы деп өтініш айтқан еді, – депті
Сонда ғана шал кемпірінің көрде жатса да өзгеге қимайтынына, оның шынайы махаббатына риза болып көзіне жас алып, өмірін соңына дейін жалғыздықта өткізіпті.

 

Rauan Qazaq  фб парақшасынан

26 маусым 2018 ж. 1 253 0