Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина мамандары аттестация тапсырды

Медицина мамандары аттестация тапсырды

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын алдын алу және сақтану шаралы негізінде аудандық аурухананың бас дәрігерінің арнайы бұйрығы бойынша аттестация өткізілді.

Негізінен, аттестацияға дәрігерлер мен орта буын қызметкерлері тартылды. Екі күнге созылған сынақ барысында ақ халатты абзал жандардан бас дәрігердің аудит жөніндегі орынбасары Жұлдызай Баймишова, инфекционист-дәрігер Манат Садықова, Мереке Ізтаева, эпидемиолог-дәрігер Гүлзат Баджанова тақырып бойынша сан түрлі сауал қойып жауап алды.

Айта кетейік, екі күні бойы 150-ге жуық медицина қызметкері сынақтан өтті. Алдағы уақытта аттестация жұмысы жалғасын табатын болады.




Сырдария аудандық ауруханасы
13 тамыз 2025 ж. 393 0