Тырысқақ ауруынан сақтану жолдарын сала маманы айтып өтті

– Тырысқақ - бұл асқазан-ішек жолдарының жедел инфекциясы. Тырысқақ адамға тез жұғу және адам ағзасына тез бейімділуімен ерекшеленеді.
Инфекцияны жұқтырған немесе ауру адам инфекция көзі болып табылады. Адам ағзасынан тырысқақтың қоздырғышы әжіспен және құсықпен шығады.
Инфекция адамға тырысқақ вибриондарымен ластанған тамақ өнімдерін, сапасыз суды тұтынғанда жұғады, сондай-ақ лас қолдар арқылы да беріледі.
Инкубациялық кезең (инфекциядан бастап алғашқы белгілер пайда болғанға дейін) 3-5 күнді құрайды. Тырысқақ нәжіспен, құсумен сипатталады. Нәжіс күріш сорпасына ұқсайды. Бірте-бірте науқаста әлсіздік, бас айналу пайда болады. Сусыздану тез дамиды, температура әдетте қалыпты немесе төмендейді. Тырысқақ ішектің бұзылуының жеңіл түрінде өтуі де мүмкін. Ем қабылдамаған жағдай - өлімге әкелуі мүмкін.
Тырысқақтың алдын алу:
- жеке гигиена шараларын сақтау (тамақтанар алдында, дәретханаға
барғаннан кейін қолды сабынмен жуу);
- жемістер мен көкөністерді қауіпсіз сумен мұқият жуу;
- зауытта қайнатылған суды, сусындарды тұтыну;
- тек рұқсат етілген жерлерде шомылу (ауызбен суды жұтуға болмайды), – дейді сала маманы.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!
Медициналық көмекке ертерек жүгіну тырысқақты уақтылы тиімді емдеуге және осы қауіпті жұқпалы аурудың қолайсыз нәтижесін болдырмауға мүмкіндік береді.