Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Әмбебап Дамир

Әмбебап Дамир

Сәкен Сейфуллин ауылында Дамир Баржақсы деген талантты оқушы тұрады. Үнемі оны көпшілік жайдарманшы, әнші, спортшы ретінде таныса, біз оқушының қабілетін жаңа қырынан тануға тырыстық. №137 орта мектептің білікті мұғалімі Ербол Сайлауұлы шәкіртінің өнертапқыш болуға ұмтылып жүргенін айтқан болатын. Алғыр оқушы технология тілін жетік меңгеріп, жетістікке жетуге талпынып жүр.

Дамир Баржақсы – 11-сынып оқушысы. Жаңа оқу жылында үлкен өмірге қадам басатын оқушының қабілеті жасанды технологияны жасауға жеткілікті. Ұстазының нұсқауымен білімді жас арнайы машина мен кеменің макетін жасап шығарған. Кеме үлгісіндегі жас өнертапқыштың туындысы суға еркін жүзеді. Сонымен қатар оның жасап шығарған машинасы техникалық шығармашылық, өнертапқыштар байқауының ау­дандық кезеңінде І орын, облыста екінші тұғырдан көрінді.

– Теледидардың пультін ойлап тапқан қазақтың мақтанышы Шәкен Ниязбеков екенін жақсы білеміз. Өнертапқыш болу – қиынның-қиыны. Өзімнің хоббиімді кәсіби тұрғыдан шыңдағым келеді. Ұстазымның нұсқауымен кеме мен машинаның макетін құрастырған болатынмын. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мәліметіне сүйенсек, 2023-2024 жылдары әлем бойынша 3-3,5 миллион туындыға патент алу үшін арнайы мекемеге өтінім берілген. Бұлардың барлығын миллиондаған өнертапқыш жасап шыққаны мәлім. Алдағы уақытта менің басты мақсатым – өзімнің бойымдағы қабілетімді дамыту болып табылады. Робот жасау технологиясына қанығып, зерттеу жұмысына мән берудемін. Ғылыми жобамның тақырыбы – «STEM-білімге арналған робот: физика сабағындағы жаңа көмекші». Негізінде физика-математика пәнінің мұғалімі атануды армандаймын, – дейді Дамир Баржақсы.

                                     

Аз ғана уақыттың ішінде сыры бөлек, ерекше қабілетті қажет ететін технология әлеміне енген мектеп оқушысы аудан атын рес­публика көлемінде танытқысы келеді. Бос уақытында өнерге жақындығын байқата білген Дамир сахнада ән айтады, гитарада ойнайды. Жайдарман ойындарында облыс көлемінде бағын сынауда. Сонымен қатар футбол спортымен шұғылданып, өзінің ширақтығымен дараланған.

– Дамирдің жасанды техно­логияға қызығушылығын 10-сынып оқып жүрген кезінде байқадым. Технология тіліне тереңнен қаныққан оқушым кеме мен машинаны бірнеше күнде жасап шығарды. Аудандық, облыстық байқауларға қатысып, өзінің шеберлігін жұртшылыққа дәлелдеп келеді. Расында, Дамир секілді оқушылардың өнерін жоғары бағалауымыз керек. Кейде олардың туындысын жарыққа шығаруға қолдау қажет болып жатады. Әмбебап оқушымнан жақсы нәтиже күтемін, – дейді №137 орта мектептің білікті мұғалімі Ербол Сайлауұлы.

Б.АЯБЕКҰЛЫ



22 шілде 2025 ж. 113 0